Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Көтерме сатып алу мұрағаты
ГСМ

 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ (130000, Актау қ., 6 ш/а, №1 ғим., корпоративтiк веб-сайты www.mmg.kz) мына лоттар бойынша тауарларды сатып алу жөнінде тендер өткiзу туралы хабарлайды:
     №1 «Қыстық дизель отыны»; 
     №2 «Жаздық дизель отыны»; 
     №3 «АИ-80 бензинi»;
     №4 «АИ-93 бензинi».
Тауарлар жеткiзiлетiн жерi: № 1. 2, 3 лоттар бойынша - Ақтау қ., «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ.
  Сатып алынатын тауарлардың толық тiзбесi, олардың саны мен егжей-тегжей ерекшелiктерi тендерлік құжаттамада көрсетілген.
  Тауарлардың жеткiзу мерзiмi: 2010 жылғы 1 сәуiрден 31 желтоқсанды қоса алғанға дейiн. 
Тендерлік құжаттама көшірмесiн 2010 жылғы 19 ақпанын қоса алғанда сағат 14.30-ға дейінгi мерзімде www.mmg.kz корпоративтік  веб-сайтынан немесе мына мекен-жай бойынша: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а,  №1 ғимарат, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, 7 қабат, 709 кабинет, сағат 08-00-ден 17-30-ға дейін (үзiлiс сағ. 12-00-ден 13-30-ға дейiн) алуға болады. 
  Әлеуеттi жеткiзушiлер конвертке салынып желімделген тендерге қатысуға арналған өтінімдерді мына мекен-жай бойынша ұсынады (жібереді): 130000, Ақтау қ., №1 ғимарат, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, 7 қабат, 709 кабинет (үзiлiс сағ. 12-00-ден 13-30-ға дейiн).
  Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2010 жылғы 22 ақпан, сағат 12.00-ге дейін.
  Тендерге қатысуға өтінімдері бар конверттер 2010 жылғы 22 ақпанда сағат 14.30-да мына мекен-жайда ашылады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, № 1 ғимарат, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ,  1 қабат, мәжiлiс залы.
  Тендерлік құжаттама тегін негізде ұсынылады. 
Тендерлік өтінімдерді дайындаумен байланысты барлық шығындар әлеуеттi жеткiзушiнiң есебіне жатады.
  Әлеуеттi жеткiзушiнiң өкiлi тендерлiк құжаттама көшiрмелерiн алу және тендерге қатысуға арналған өтiнiмi бар конверттi беру өкiлеттiктерiн растауы тиiс.
  Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7292) 212185, 8 (7292) 212205 техникалық мәселелер бойынша – 8 (7292) 211767; тендерлік құжаттама мәселелері бойынша - 8 (7292) 212185, тендерлік құжаттаманы алу мәселелері бойынша - 8 (7292) 212205.

Тендерлік құжаттама

Шартқа косымша

АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту