Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
21.07.2016 Уақытты қалай үнемді пайдалануға болады? /ой толғау/
 

Уақытты қалай үнемді пайдалануға болады? /ой толғау/

Адам боп бұл фәниге келгесін ащының да, тұщының да дәмін татамыз.Дегенмен ,барлығына бір сәтте қол жеткізгіміз келетіні тағы бар. Өмірді сүре келе түсіне бастаймыз, түсінгендей боламыз. Қателігімізден сабақ алып,қымбат пен арзанды ажыратамыз. Айтыңдаршы сіздер үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл сияқты болған мен, жауап лезде табыла қоймайды.Қымбат ұғымын әрқайсымыз  әр түрлі топшылаймыз.Біріміз-Отан, біріміз- Ана, біріміз- Денсау- лық ұғымына теңеп жатамыз.                                                                           1.Ия, адамның уақыты оның- өмірі екенін білеміз бе екен? Пенденің мәңгілік Жәннаттағы рахат өмірі де, Тозақ құшағындағы азапты кезеңі де – уақытын қалай өткізендігінің жемісі. Өмір – егін егу аймағы болса, жемісті жинау мекені – Ақырет. Негізгі капиталды пайдасыз нәрсеге жұмсау – қасірет.Шайтан адамды «Бұл дүние бір-  ақ рет беріледі,әлі жассың шалқып журіп ойна да күл» деп аз ғырады. Сол сөздің жетегіне еріп,бей- берекет өмір сүріп артынан    «кап» деп сан соғып жататындарымыз бар емеспе?Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Уақытты үнемді пайдаланып, улы мақсат жолына жұмсасаң еңбегің еш кетпейді.Осы турасында «Таң- ғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылытын қанатты сөз орынды айтылған деп білемін.

2.Уақытты ақшамен салыстыруға болады. Екеуі де өздеріне қожайындық жасау үшін табандылықты талап етеді және жұмсауда да үнемшілдік маңызды рөл атқарады. Айырмашылығы сол, уақытты ақша секілді сақтай да, жинай да алмайсың, тіпті, көбейте де алмайсың.Сондықтан, адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жақ- қан теңгемен тең.  Кемесіне мініп кеткен уақыт дүниенің бар байлығын берсең де кері қайтпайды. Міне, осы жерден уақыттың қаншалықты маңызды екендігі көрініс тауып отыр.                   Уақыт- ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім- тәуілігіне жиырма төрт сағат ғана .                                            Әрбір күнді, әрбір сағатты мақсатсыз өткізу қандай өкінішті болмақ. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат- жігерін, ақыл- ойын өмірге,өзі өмір сүріп жатырған қоғамға жұмсап,қалтық- cыз еңбек етіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмса ғандар құрметке бөленуде емеспе. Бізбен санаспай тез өтіп кететін уақыттың әрбір сәтін бір күндік қызықтармен қор қылмай, мазмұн- сыз болмауын қадағалаған жөн. Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы.Оны көктемнің мезгілімен салыстырған халқымыз  «Көктемнін бір күн і- жылға азық деген. Ендеше жастықтың бір күні сенің бүкіл өміріңе азық  деуге болады. Уақытты тоқтата алмайсың, ол зымырап өтіп жатыр қанша қусаңда жете алмайсың.

3.Уақыт – Алла Тағаланың Өзі ант еткен жаратылысы: «Асрмен ант етемін» деп уақытпен ант етті. Анығында, адам баласы сөзсіз, зиянда, тек иманға келген әрі ізгі амал жасаған және бір-біріне ақиқатты насихат етіп, өсиеттеген әрі бір-біріне сабырды насихат етіп, өсиеттегендерден басқалары» («Аср» сүресі). Ал, Алла ант еткен нәрседе сөзсіз бір маңыздылық бар. Уақыт –  иманды үшін сауап жинайтын, теріс бұрылушы үшін бақытсыздық батпағына бата беретін мүмкіндік.  Уақытының әрбір сәтін келтірілген «Аср» сүресіндегі төрт амалға: иман келтіру, ізгі амал жасау, өзгелерді шақыру және осы жолда кездескен қиындықтарға сабыр сақтауға арнаған адам – жеңіске жетуші.

4.Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қартаймай тұрып, жастық шақтың; ауырмай тұрып денсаулықтың; кедейліктен бұрын байлықтың; қысылтаяңнан бұрын бос уақыттың; өлмей тұрып өмірдің» деген . Мұндағы жастық шақ та, бос уақыт та, өмір де уақытқа тәуелді болып тұр. Яғни, сен өз уақытыңды дұрыс жұмсаудың жолын тапсаң, уақытыңның әр секундын аялай білсең жоғарыдағы 5 нәрсенің де қадіріне жете алмақсың. 

5.Адам баласы  Қиямет күні өмірін қалай өткізгендігіне, білімін неге жұмсағандығына, ақшасын қалай жаратқандығына, тәнін қалай пайдаланғандығына жауап бермейінше орнынан жылжы майды. Сенің, 10, 20 немесе 30 жыл өмір сүргенің емес, қалай өмір сүргенің маңызды. «Қанша?» және «Қалай?» деген сауалды ажырата білу керек. Кейде, сырттан көз жүгіртсең, өмірге ішіп-жеу, демалу, нәпсіні қандыру, ойнау, көңіл көтеру, үй соғып, бала-шаға бағу үшін келгендей көрінеміз. Хайуандардың тіршілігіне көз жүгіртсең де тура осы күйге куә боласың. Бірақ, мына сауалды, адам емес, Алла қояды: «Сонда сендер Біз өздеріңді бостан бос, (ермек етіп) жаратты әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» («Му’минун» сүресі ,115-аят).

7.Өмірдің бірқалыпты ағысына түсіп алғанымыз соншалықты, жан-жаққа қарайлауға уақыт жоқ. Бара жатқан бағыт та ұмыт қалған, мақсат – көштен қалып кетпеу. «Көппен бірге көреміз» дейтін ұранымыз да бар. Ал енді біріміз «ертең жасаймын» десек, үшіншіміз «өмірді көру керек» дейміз. Осылайша, өлімге кездесіп қалып жатқандар қаншама?! Бүгін имандылыққа қадам жасап үлгермесең, саған екінші мүмкіндік берілмейді. Ал біз адам ретінде өмірдегі басты мақсатымыздан айырылуымыз мүмкін. Мақсат – бізді осыншама игілікке жеткізген, тіпті, бізге жан беріп, ертең оны қайта алатын Жаратушы Иеміздің кім екенін тану және Оның алдындағы міндеттерімізді түсіну, орындау: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым» («Зәрият» сүресі, 56-аят). Күн көкжиектен көтерілген сәттен-ақ, сен Алланың бір екенін мойындап,  өміріңді жақсы жағына өзгерте аласың.

8. «Бір күні екінші күніне ұқсап өтіп жатқан адамдар ұтылып» жатыр деген екен ғалымдар. Яғни, кешегі күнімізге жаңа білім, жаңа амал қоса алмасақ, бұл біздің бір орында қалып қойғанымыз ды білдіреді. Әрине, бұл зиянға ұшырау Ал ең үлкен жеңіліс – бүгінгі күннің кешегі күннен нашар өтуі. Ертеңгі күні есебі бар амалы жоқ өмірге барған адамның өкініп тұрып, жалына айтатын сөзі мынау болады екен: «Раббым! Мені артқа қайтар! Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін» («Му’минун» сүресі, 99-100-аяттар). Расымен де, ол кезде біз үшін ешкім ізгі амалдар  жасап, уақытты тиімді пайдалана алмайды... Ендеше, өзің үшін тырыс, бауырым!


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог