Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
21.07.2016 Достық пен жолдастықты сақтайық...
 

                          Достық  пен жолдастықты сақтайық...    

 

  Достық – қадіріне  жеткен, лайықты  болған жандар үшін  аяулы сезім.  Бұл қарым – қатынас   бірінбірі   қажетсінуінен,   құрмет   тұтуынан,  шынайы    тілектестік   пен өзіндей  көріп   сенуінен,  бір  біріне  тірек,  медет  болуынан, қуанышта  ғана емес, әсіресе қиын – қыстау  сәттерде  іркілместен  қасынан табылудың, риясыз, есепсіз жомарттықтан, көзқарасы мен ой- ниеті үйлесуден көрінеді.Достық адамды асқақта тады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол өзара жауапкершілік пен қамқорлық.  

   Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспай ды.  Жалқау,  менмен, мәдениетсіз, самарқау,  салдыр- салақ адамдар бір -бірімен дос болып көгермейді. Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір бірінің кемшіліктерін айтпау, бір біріне  жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу жалған достық белгісі. Данышпан ғалым Әбунасыр әл- Фараби: « Достықтың  екі  түрі  болады .Оның  бірі - адал дос  та, екіншісі - айнымалы,  алдамшы  дос. Адал  досқа  үнемі  ілтипатпен қарап,  одан  айырлып   қалмау  жағын   көздегені   дұрыс, адамдар   бір -  біріне  жақсылық,  өзара  қамқорлық  жасауы  қажет . Жақсы  достың  сенімін   ақтаған  абзал. Осындай достар   ащы - тұщыны  бірдей  татысып,  нені  болса  да  бірдей  көретін  болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез құлқындағы  кемшілік- терін айта берудің қажеті жоқ » деген екен.

  Ертеректе Әйтімбет деген сөзге шешеннен замандастары бір отырыста « Достық нешеу ? »  деп  сұрақ  қояды. Сонда  Әйтімбет  шешен  тұрып  Достықтың  екі  түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі- амал достық, дейді. Оларды қалай ажырата  мыз  дегендерге : Адал  достық  өмірлік  нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген.                                                                                              

  Адам  досты  таңдай  алады.  Және  дұрыс  таңдау   жасай  білген  адам  табыска  жетеді. Өйткені  досы  жақсының - өзі жақсы. Ғұламалар  мен данышпандар  « Сен  маған   досыңды   көрсет,  мен  саған  кім  екеніңді  айтамын » деп айтатын болған.

   Ислам ғұламары дос  таңдау барысында төмендегідей кеңес береді :

  --білім көзін қайдан алатындығына қарау;                                                                                                                                                              

  --бос уақытын қалай өткізетіндігіне қарау;

  --достарының қандай екендігіне қарау;              

  --от басымен қарым-қатынасында қандай екендігіне қарау;

  Қоғамда жастар және жастар отбастары үшін күрделі проблемалардың бірі болып қалыптасқан осы соңғы кеңеске көз жүгіртейік.                                                               

 Бүгінде отбасылардың шырқын бұзып жүрген негізгі себептердің бірі – ерлі-зайыптылардың бір-біріне ең жақын дос бола алмауы десек артық айтқандық емес. Жанұялы болса да, өзін жалғыз сезінетін қаншама жандар ортамызда жүр. Отбасын құрған ермен әйелді бір-бірімен байлап, біріктіріп тұратын көзге көрінбес рухани «жіптердің» бірі – олардың арасындағы жақын достық. Көрнекті жазушы атамыз Ғабит Мүсірепов : «Қазақ әйелін жан жолдасым дейді» деген сөзді тегін айтпаса керек.

Жалғыздық адамды әлсіз, сүйеніш-таянышы жоқ, үмітсіз, шаршаңқы ететін өте қауіпті психологиялық күйлердің бірі. Ердің де, әйелдің де нәр алып, қуат жинайтын құтты мекені отбасы десек, онда ерлі-зайыптылар арасына шын достық қатынас ауадай қажет.

Өкінішке орай, өмірде жұбайымен дос болуды ұят санайтын жағдайлар кездесесіп , сырттағы адамдарға күнде көрсетіп жүрген достығын өмірлік серігіне қимайтындарды көрмеуге болмайды . Осындайдан келіп олардың арасы салқындап, суи бастайды. Ерінен немесе әйелінен жақындық сезбеген адам ол жақындықты сырттан іздей бастайды. Осылайша бірте-бірте шаңырақтың сәні кетіп, іргесі сөгіле бастайды. Ұрыс-керіс пен дөрекі сөздер, қиянат пен  зорлық-зобылықтар бірін-бірі жан жолдасы ретінде сезіне алмаған жанұяларда көбірек байқалады. 

Жолдас жолдастың кемшілігін жасырадыАрдақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мынадай бір хадисі бар: «Кімде кім бауырының бір айыбын жасырса, Алла Тағала оның дүниеде және ақиретте кемшіліктерін, айыптарын жасырып қояды». Ал әр пенденің ешкім білмесе екен деп тілейтін қаншама кемшіліктері мен айыптары бар екені түсінікті. Сондықтан жолдастықтың бір сипаты бір бірінің айыптарын барынша жасыру

Бір ғұлама былай деген   деген екен: «Кәміл адам діндес бауырының бойынан жетпіс кемшілігін көрсе, соның бәріне бір үзір іздейді. Бір үзір тапса, бұл оған бауырының барлық кемшіліктерін ақтап алу үшін жеткілікті болады. Ал егер бірде бір ақтайтындай себеп таба алмаса, бұл бауырымның мен білмейтін бір үзірі болса керек. Болмаса бұлай жасамас еді ғой деп өзін жұбатады». Отбасындағы біздің жағдайымыз да осындай болу керек. Жолдасының болмашы бір кемшілігіне бола ұрысып, үйдің берекесін қашыруға түк те қажеттілік жоқ.

Күнәсы мен кемшілігі жоқ адамды жер бетін жеті рет шарласақ та,  таба алмасымыз анық. Барлық өзекті жан пенде болған соң қателеседі, кемшілік жасайды.  Сондықтан жолдасыңызға кемшіліксіз бол деп талап қою өте қиын әрине. 

Жолдас жолдастың сырын сыртқа жаймайды. Екеуара болып жатқан кейбір түсініспеушіліктерді ата-ана, ағайын-туыс, бауырлардың ешқайсына білдірмеген дұрыс. Өйткені ол неғұрлым көп адамға жайылса, соғұрлым оның шешімі де қиындай түседі және отбасының ыдырауына әкеліп соғады. Статистикаға жүгінсек Казақстанда соңғы жылдары ажырасу фактілірі өсу үстінде. 2014 жылы 147,3 неке тіркелген болса оның, 48,4 ажырасқан, ал 2015 жылы 148,769 неке тіркеліп, оның 53,293 ажырасқан.

Жолдас жолдасынан шамасы келмейтін істі талап етпейді.  Ерлі-зайыптылар бір-біріне шамасы жетпейтін талап қоймағаны дұрыс. «Пәленшенің әйелі бүйтеді екен», «түгеншенің күйеуі сүйтеді екен», «сен неге олай етпейсің» деген сөзде ешбір қисын жоқ. Алла Тағала адамның бәрін бірдей етіп жаратпаған. Ол Алланың хикметі. Біреудің кұші көп, білім таяз, енді біреудің қолы шебер болғанмен күш-қуаты аз деген секілді түрлі жағдайлар кездесе береді. Сондықтан жан жолдасыңыздың бойындағы жақсы қасиеттерге қанат еткеніңіз дұрыс. 

Жолдас жолдасына жақсылықты үйретедіИмам Ажурри деген ғалым өткен. Сол кісі былай дейді:
        «Білетін адам достарын үш топқа бөледі екен :

1.   Ол өзінен білімді болады. Одан жақсылық үйренетіндей кісі болады;

2.   Өзімен тең болатын жолдастар. Өзімен пікір алмасып, ақылдасатындай кісі болады;

3.   Өзінен төмендеу деңгейлі болады. Оған өзі білетін жақсылықтарды үйретеді.». Отбасымызда да осы талаптар сақталса нұр үстіне нұр.  

Жинақтай айтқанда, кез келген отбасының бақытты ғұмыр кешуінің бір сыры оны құрайтын негізгі екі адамның бір-бірімен ең жақын жолдастай қарым-қатынаста болуында жатыр.                                     Олай болса отбасында достықты сақтай білген жандар күнделікті өмірде де адал дос жақсы жолдас таңдай білетін сияқты. Жақсымен жолдас болсаң ісің бітер. Жаманмен жолдас болсаң басың кетер- деген ата бабаларымыздың өсиеттерін есімізде сақтайық.

   Отбастарыңызға Аланның берекесі мен нұрын, ырыс несібесін   Пайғамбарымыздың /с.ғ.с./ шапағатын нәсіп еткей. Татулықпен бірлікте өмір кешейік . Отбасымыздағы достықпен   күнделікті өмірдегі, қызметтегі жолдастық қарым қатынастарымыз нығайа берсін ағайын! 

     Дайындаған  Басқарма кеңесшісі  Машырық Орақ


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту