Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
31.10.2016 ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ӘЛЕМДІК
 

          ТЕРРОРИЗМ  МЕН  ЭКСТРЕМИЗМ  БҮГІНГІ  ТАҢДАҒЫ  ӘЛЕМДІК

                                  Қ А С І Р Е Т К Е        А Й Н А Л Д Ы

 

Экстремизм мен терроризм бүгінгі күні қоғамның  өте қауіпті проблема -сына айналып мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде : адамдарды кепілдікке алу, ұрлау, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық орын дарда жарылыстар, стратегиялық нысандарға шабулдар жасау сияқты әрекет тер ел тыныштығына нұқсан келтіріп халық арасында үрей туғызуда.  Сондықтан да терроризм мен экстремизмге  қарсы күрес пен жасалып жатыр  ған шаралар  мемлекеттік көлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.

     «Экстремизм»  мен  «Терроризм»  ұғымына,  оның  шығу тарихына  келетін болсақ  төмендегідей  мәліметтер алуға болады.

      «Экстремизм» термині  сөзбе—сөз(лат. Extremus-шеткі) шектен тыс көз –қарастар әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шыға-  ру ретінде анықталады. Экстремизм -  әр уақытта  әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. Ал «Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндемелер болғандықтан, ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық  зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесіртигізу» сынды басты белгілерін айтуға болады.Осыған негізденсек,терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан -лоққы мен зорлық –зомбылық» дегенге саяды.Экстремизм мен терроризм ұғымдары бүгінде елді таңқалдыратын ұғым болудан  қалды. Ол әр түрлі діни, саяси, ұлттық қозғалыстардың белгілі бір мүдделерін жүзеге асырудың құралына айналды. Әсіресе, ислам дінінің атын  жамылып, экстремизмге таңып отыру саясаты басым болып барады. Алғашқы кезде локальды сипат алған  экстремистік құбылыстар қазіргі жаһандық мәселеге айналып кетті. Бүгінгі таңда  әлемде  орын алып отырған келеңсіз жағдайларға қарамастан, Қазақстан өзін бірқатар жылдар бойы «тыныштық пен тұрақтылықтың аралы» ретінде танытқан мемлекет болып келеді. Дегенмен бүгінгі күннің шындығы мәселені басқаша қарауды талап етіп отыр.  Өкінішке  орай терроризм мен экстремизм қаупі біздің мемлекетімізді де айналып өтіп кете қойған жоқ. Соңғы жылдарда Республикамыздың бірнеше аймақтарында  террористік актілер тіркелген. Ресми ұйымдар мен құқық  корғау органдарының, ақпарат құралдарының  мәліметтерінен оқып елімізде террористік және экстремистік топтардың әшкерленіп, құрықталып жатқанын біліп  жатамыз. Тәуелсіз алған тарихымыздан бастап елімізде түбегейлі өзгерістер орын алды. Діни бірлестіктердің саны көбейді, олар біртіндеп қоғамдық санаға әсер ете бастады. Оқтын-оқтын дау- дамайлы жағдайларға себепкер болып отырды. Дәстүрлі діни бірлестіктердің көбеюімен бұрын соңды Қазақстан халқына таныс емес, жат ұйымдар да  өріс ала бастады. Бұл  жағдайлардың бәрі әрбір қазақстандық азаматтың санасын өзіне бұру үшін  бәсекелестіктің күшейе түсуіне, сол арқылы жанжалдық жағдайдың ушығуына бастама бола бастады.  

    Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда  2011 жылдың  ақпан айында Ақтөбе  қалалық  түрмесінің  жанында, мамыр  айында  ос ы қалада Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  қасында,  мамырдың  соңында  Астанада,  маусымның соңында  Ақтөбе  облысы  Шұбаршы ауылында, қазанның  соңында Атырау –дағы  жарылыстар,  қарашада  Тараздағы  жағдай,  желтоқсандағы  Алматы облысы  Боралдайдағы және Алматының  Ақсай  шатқалындағы,Тау самалы ауылындағы, Алматы қаласындағы  «Ахсель кент»  шағын ауданындағы елді дүрліктірген  оқиғалар  елімізде  эксстремизм  мен  терроризмге  қарсы нақты шаралар  қажет  екендігін  көрсетті. Алдымен экстремизм  мен т ерроризмнің  элеметтерін  анықтап, оның  алдын  алу  жөнінде  заңдылық  және  ұйымдық  мәселелер бойынша бірқатар  жұмыстар жасалып, қоғамымызды террористік  жағдайлардан сақтау  мақсатында  24 қырқүйек  2013 жылы № 648  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  жарлығымен  діни  экстремизм  мен терроризмге  қарсы  2013- 2017 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарлама қабылданды.

     Соңғы жылдары қабылданған және жүргізіліп жатқан шараларға қарамас- тан экстремистер мен террористердің іс әрекеттері ұйымдасқан түрде болып олардың  қатарларына  дестркутивік  күштердің  араласуымен  жаңа адамдар, әсіресе жастар қосылуда.Үстіміздегі2016  жылғы Ақтобе  қаласындағы 16-28 жастағы  жас  жігіттермен  Алматы қаласында лаңкес  Р. Кулекбаевтың  ішкі істер  бөліміне  және  көше  де қызметтерін атқарып  жүрген  полицейлерге жасалған шабулының нәтижесінде қаншама жазықсыз жандардың опат  бол –ғаны  елді  қатты дүрліктірмей қоймады. Бұл  қанды  оқиғалар  мен қасіретті жағдайлар  мемелекетіміз  тарапынан  экстремизм  мен  терроризмге  деген көзқарасты толықтай өзгертіп, үкімет пен құқық қорғау органдарының алды на  елде қоғамдық тәртіпті сақтау, адамдарды террористік  әрекеттерден қор- ғауда  қатаң шаралар ұйымдастыруды талап етуде.

2015 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан республикасының Президенті -  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»  стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» атты  Қазақстан  халқына  жолдауында «Үкіметке менің әкімшілігіммен бірлесіп діни экстремизммен және террор изммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырамын» деген болатын. Елбасының осы тапсырмасын орындау мақсатында соңғы Ақтөбе  мен Алматы  оқиғалары  қатты  алаңдаушылық  туғызғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мәжілісі  5 қазанда өзінің кезекті отырысында мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы  іс - қимыл мәселелері  бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қоғам назарын өзіне аударған заң жобасын  қарады.

Бүгінде халықаралық терроризм қағидатты тұрғыдан жаңа сапаға ие болып отыр. Өздерінің сұмдық әрекеттерін дінмен жамылған лаңкестер жекелеген актілерден бүкіл адамзатқа қарсы кең ауқымды агрессия сипатына ие болды. Дін терроризм мен экстремизмге түпкілікті қарсы. Ислам діні адамзатқа түрлі халықтар арасында тыныштық, бірлік, ынтымақ қалыптастыру мақсатында түсірілген. Ислам діни өзімшілдікке жол бермейді, Алланың алдында барлық адам  тең. Тәңірі  басқаларға  ісімен  де, тілімен  де,  зарар,  зиян  келтіруден тыйып, адамдарды мәмлемен, жарастықта, тату  ғұмыр  кешуге,  бір -  бірін қуаттап,  қолдауға  үндейді.  Ислам соғысқа, қан төгіске  шектеу қойған. Ол террорға, зорлық – зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы. Бүгінгі таңда  әлемнің түпкір- түпкірінде  ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың  қаны  төгіліп жатады.  Жалпы  террордың  ұлты да, діні де жоқ. Мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес.Ислам дінінің террор- изм және экстремизммен үш қайнасада сорпасы қосылмайды. Зұлымдық пен жанкештікке тек діни сауаты жоқ адамдар барады. Олар әлдекімнің «мынаны  өлтіру керек», «ананы жару керек» дегендерін орындаумен жүргендер. Дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қол жеткізу деген ұғым мүлдем жоқ.                 6 қазан 2016 жылы Мәскеу қаласында Қазақстан Респуликасының Президенті  - Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен  «Дін терроризмге қарсы» деп аталатын халықаралық ғылыми практикалық конференция болып өтті. «Осы қасіретпен күрес  бүкіл әлемдік қоғамдастықтың ісі. Терроризмге қарсы  тұру  жауапкершілігін  өзіне,  бірінші  кезекте,  қоғамдастықтың  аса көрнекті  және  ықпалды  өкілдері , дін  қайраткерлері,  парламентарийлері алулары тиіс. Өкінішке орай, аталған проблеманы біржақты және кең ауқым -ды шешудің жолы әлі ойлап табылған жоқ.Сондықтан осы жаһандық қатерге лайықты  жауап  іздеуде  бірлескен  күш  жігерді  өрістете  түсу  қажет.  «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлер үнқатысу- ын  дамытуға  соны  серпін  береді  деп  есептеймін »-  деді  Н. Ә. Назарбаев конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

     Ия, Елбасы  айтқандай  өкінішке  қарай  бұл  қасіретпен күресті біржақты және кең  ауқымды шешудің  жолы  әзірше ойлап табыла қойған жоқ сияқты. Сондықтан осы жаһандық қатерге  лайықты жауап  іздеуде мемлекет аралық күш жігерді өрістете түсумен қатар біздер де халық болып, ұжым болып күре суіміз керек деп ойлаймын. Террористік актілерді ұйымдастырушылар әлеу -меттік желілерді қолданып, өздерінің жақтаушыларын іздейді және лаңкестік әрекеттерді  жасауда  қолда бар құралдардың кез келгенін колдануды үгіттеу- де. Олай болса бізде экстремизм және терроризммен күрестің бірден біржолы –олар  туралы  уақтылы  мәлімет  беріп, жастарымыздың  рухани  дүниелерін қажетті  құндылықтармен  сусындатып  « тері с пиғылда »  жүргендерге  еріп радикалданудан сақтауда қолда бар барлық мүмкіншіліктерімізді падаланайық. Жеңістің бірлікте екенін үнемі есте ұстайық .

      Аллам Елімізді - тыныш, халқымызды - көк тудың астында есен-аман қылғай ағайын!

Басқарма кеңесшісі  М.Орақ

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту