Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
10.01.2018 АСАРЛЫҚТАРҒА ЖАҢА АСХАНА

        

Әлеуметтік қамту

«Туған ай – туралған ет». Өткен 2017 жылды компания игілікті іспен қорытындылап, Жаңа жыл қарсаңында мұнайшыларға айрықша тарту жасалды. Ол - «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты «Асар» кенорындағы жаңа асхана.

Заман талабына сай жабдықтармен қамтамасыз етілген асхана 75 адамға арналған. Жаңа асхана соңғы үлгідегі пештер, қамыр илейтін машиналармен және тоңазытқыш камераларымен жабдықталған. Асар кенорындағы №11 асхана меңгерушісі Анар Бабаева «Жаңа асханада ет пен көкөніс өңдеп, ұн тағамдарын дайындайтын арнайы жабдықтар бар. Бұрын мұндай құрылғылар жеткіліксіз болатын. Қоймаларымыз да көлемі жағынан кеңейді»,–дейді.

Мұнай кенішінде вахталық әдіспен айлап тер төгетін жұмысшылар енді сақылдаған сары аяз бен жаздың аптап ыстығында жайлы асханада тамақтанатын болады. Пайдалануға берілген әлеуметтік нысанға дән риза болған мұнайшылардың алғысы шексіз:

– Бүгін қуанышымыз қойнымызға сыймай тұр. Бұрынғы асханамыз әбден ескірген болатын. Кейбір жабдықтар істен шыққан еді. Енді жаңа асхана алдағы уақытта қарқынды жұмыс жасауымызға оң ықпал жасайды деп сенемін. Жаңа жылда жаңа сый жасаған Басқарма басшылығына мұнайшылар атынан алғыс айтамын, – дейді «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының аға мұнайшысы Тахир Өсекенов.

Бүгінде 30 жыл бұрын ашылған «Асар» кенорнында 120 жұмысшы еңбек етіп, жыл сайын 1500 тонна мұнай өндіріледі. Кенорынның даму перспективасы жоғары. Сондықтан да мұнда келесі кезекте 3 жатақхана құрылысын салу жоспарлануда. Биылғы мұнайшылар мерекесі қарсаңында мұнайшылар жаңа қонысқа ие болады деген үміт бар.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту