28-29 наурыз аралығында Астана қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар ұйымының мүшелері, шығармашыл жастар, жас ғалымдар, спортшылар, жұмысшы және ауыл жастары қатарынан 1500-ге жуық делегат қатысты. Съезде «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы туралы мәселелер қаралды.
Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім, ғылым, Инновация», «Сауатты ұлт» тақырыптары бойынша өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
Сьезге қатысқан Маңғыстау облысы делегациясы құрамында біздің әріптесіміз «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы мұнай дайындау және айдау цехының операторы Владимир Қызылғұловтың болуы компания мұнайшы жастары үшін зор мәртебе.
- Елордаға келіп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне делегат болу құрметіне ие болғаныма шын қуаныштымын және өмірімдегі жарқын сәт деп есептеймін.
Мен секциялық жұмыс кезінде «Цифрлық Қазақстан» тақырыбын таңдадым. Еліміздің өркендеуі жолында алға қойған барлық мақсаттарға жету үшін сапалы білім мен жаңа технологияларды енгізе отырып перспективалы салаларды дамытуға ынталы замандастарымның жастық жігер-қайраты, ой-пікірлері білім көкжиегімді кеңейткенін ерекше айта кеткім келеді. Жарқын болашаққа деген сенім қанат бітірді! Біз, жастар, Елбасымен қай кезде де біргеміз және қолдаймыз, Тәуелсіз Қазақстанның ертеңінің нұрлы болатынына сенеміз! - деп әріптесіміз алған әсерімен бөлісті.
Екі күнге жалғасқан съезд жұмысын «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумы қортындылады.
|