Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
26.04.2018 «АМАН» ЖОБАСЫ – ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ

        

«ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында «Аман» пилоттық жобасын қолға алды. Осы жоба аясында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбекті қорғау және көлік қауіпсіздігі бойынша қызметкерлерді қауіпсіздік белдігі симуляторынан сынақтан өткізуді бастап кетті. Жоба Қоғамның сервистік компаниялармен 2017 жылғы өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес жүргізілуде.

- Компания ұстанған басты мақсат - жұмыскерлердің күн сайын үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жағдай жасау болғандықтан түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеміз,- деп сұхбат берген техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің инженері Қайрат Артықбай компаниядағы әрбір жұмыскер жұмыс орындарындағы апатты және жазатайым оқиғаларды болдырмауға тырысып, өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын бағалауы қажет екенін айтты.

Қауіпсіздік белдігі - жол апаты кезінде аман қалудың бірден-бір мүмкіндігі. Компаниядағы жүктерді тасымалдайтын көліктер де, жолаушылар автобустары да қауіпсіздік шараларына салғырт қарайтыны жасырын емес. Мән бермеушілік салдарынан бірқатар қызметкерлеріміз күн сайын бастарын қауіп пен қатерге тігіп жатады. Осындай келеңсіздіктің алдын алуға кіріскен әріптестер тестілеуді жүргізушілердің өзінен бастады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жасалған арнайы тренажерға жұмысшыларды отырғызып, белдікті таққан соң, сағатына 10 шақырым жылдамдықпен тосын кедергіге соқтырады. Осындай тестілеуден кейін көпшіліктің қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты көзқарасы бірден өзгерді.

Көлік департаментінің жүргізушісі Аман Меңдіқұлов:

-    Қауіпсіздік белдігінің қаншалықты пайдасы бар екеніне көзім жетті. 30 жылдан бері жолда жүргенде талай авариялар мен адам қазасының үстінен түскен кездер болды. Жамандықтың бетін аулақ қылсын, әрине. Бірақ бүгін тренажерда 10 шақырым жылдамдықпен келіп кедергіге соққанда қауіпсіздік белдігінің қаншалықты маңызы бар екенін түсіндім. Енді көлігіме отыратын әрбір жолаушы белдікті тақпайынша, жолға шықпайтын боламын. Өйткені мен өз өмірім мен өзгенің өмірі үшін жауаптымын.

Көлік департаментінің жүргізушісі Тынысқали Көшербаев:

-    Арнайы тренажерға отырып, қауіпсіздік белдігін сынап көрдім. Біз өндірісте 60-пен жүреміз, ал мұнда 10 шақырым жылдамдықтағы соқтығыстың әсерін жеткізу мүмкін емес. Іші-бауырыңды солқ еткізетіндей соққы! Көлік тізгіндейтіндерге айтарым - қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер!

Дерекке жүгінсек, Қазақстанда жылына 3 мыңнан астам адам жол-көлік апатынан қаза табады. Тәжірибе көрсеткендей, қауіпсіздік белдігін пайдалану ең күрделі апаттардың өзінде аман қалу мүмкіндігін он есеге арттырады. «Аман» пилоттық жобасы - әр қызметкерге қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді. Ол өндірістік нысандарда өнеркәсіптік кауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын қамтамасыз ететін жоба. Сондықтан қауіпсіздіктің қарапайым Ережелерін қатаң сақтайық, әріптестер!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту