Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
26.03.2020 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
     

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында коронавирусті инфекцияның алдын алу және болдырмауға арналған шаралар туралы

 

ҚР бас санитарлық дәрігерінің Қаулысы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының Бұйрығы негізінде Компания жанынан жедел штаб құрылды, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен серіктес компаниялар ұжымы арасында коронавирусты инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеуге арналған іс-шаралар жоспары жасақталған.

Осы іс-шаралар жоспарының аясында Қоғам кенорындарында (вахталық кенттер) азық-түліктің, медициналық бұйымдар мен медициналық құрал-жабдықтардың екі айлық стратегиялық қоры жасақталды (77000 медициналық маска, 100 000 бір реттік медициналық қолғап сатып алынды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады). Жақын арада қызметкерлердің дене қызуын бақылау жұмыстарын жүзеге асыру үшін алты дана тепловизор түсімі күтілуде (3 стационарлы, 3 тасымлдамалы).  Қоғамның барлық әкімшілік және өндірістік нысандарында, қоғамдық көлік құралдарында санитарлық-дезинфекциялық бақылау күшейтілген, қызметкерлердің көп жиналатын орындары мен қызметтік бөлмелер кварцталып жатыр, қызметкерлер үшін ыңғайлы орындарға қолдарын залалсыздандыруға арналған антисептикалық заты бар диспенсерлер орнатылған. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау тәртібіне өткізу шаралары да жалғасып жатыр, Қоғам кенорындарындағы қызметкерлердің жұмыс вахтасы 10 күннен 15 күнге ұзартылды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған іс-шаралар Жоспарының негізінде Компания қызметкерлері мен серіктес мекемелар мамандарының барлық қызметтік сапарлары, Қоғам нысандарыдағы мәдени-көпшілік шаралар тоқтатылды; «Коронавирусты инфекцисы бар қызметкер анықталған жағдайдағы іс-қимылдар алгоритмі» мен «Коронавирусты инфекцияны жұқтырған адам анықталған жағдайдағы эпидемияға қарсы алғашқы қимылдар жоспары» жасақталды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы мен барлық мердігер және серіктес мекемелермен арасында тұрақты байланыс орнатылған, барлық сұрақтар қатаң бақылауда. Қазіргі таңда Компаниядағы әлеуметтік жағдай қалыпты, еңбек ұжымы бекітілген міндерттерін орындауда. Барлық жұмыс орындары сақтаулы. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу сұрақтары қатаң бақылауда.

Жедел штаб отырысы күнделікті тәртіппен өткізілуде. Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігіне қатысты барлық сұрақтарды, сондай-ақ өндіріс циклінің қалыптылыған сақтауға қатысты мәселелер Компания басшылығының күн тәртібінде.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту