Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
25.03.2020 «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АЛИК АЙДАРБАЕВ ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
     

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) төтенше жағдай режимін назарға ала отырып және өз қызметкерлері мен барлық мүдделі тараптары алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, сондай-ақ ашықтық пен айқындылық қағидаттарын ұстанып, коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы хабарлайды.

23 наурызда Алик Айдарбаевтың төрағалығымен ҚМГ-ның жедел штабының кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында ҚМГ басшысы барлық еншілес және тәуелді ұйымдарға коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейтуді тапсырды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Компания ҚМГ компаниялары тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін қабылдаған болатын.

Бұдан басқа, жедел штабтың отырысында еншілес және тәуелді ұйымдардың барлық өндірістік қызметкерлерін мемлекеттің төтенше жағдай кезінде халықты қолдау жөнінде қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар ету тапсырылды. Өндірістік нысандарда тамақтандыру мәселесінде қиындықтарды болдырмау мақсатында азық-түлік тауарларын есепке алу және сатып алу ерекше бақылауға алынды.   

«Ондаған мың адамды еңбекпен қамтып және саланың экономикалық дамуына үлес қосып отырған біздің компания алғашқылар қатарында бұл шараларды қолдап, негізгі үш басымдықты алға қойды. Біріншіден – бұл біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары. Біздің мақсатымыз – «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында және еншілес кәсіпорындарда еңбек ететін барлық қызметкерлеріміздің әрдайым жұмыс орындарынан үйлеріне, отбасыларына аман-есен оралуы. Екіншіден, өндірістің қауіпсіздігі мен барлық өндірістік нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Үшіншіден, коронавирус індетінің таралуын болдырмау шараларын іске асыруда, ақпараттандыру және барлық күш-жігерді жұмылдыруда мемлекеттік органдар және жергілікті әкімдіктермен жан-жақты өзара тығыз жұмыс істеу» – деп атап өтті А.Айдарбаев.   

Қазіргі уақытта ҚМГ компаниялары тобының 32 қызметкері карантинде, соның ішінде 2 қызметкер Атырау және Павлодар қалаларында стационарлық бақылауға алынды, қалған 30 қызметкер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында үй карантиніне орналастырылды.

Сондай-ақ, ҚМГ-ның 8 қызметкері («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орталық аппаратының 2 қызметкері және еншілес ұйымдардың 6 қызметкері) екі апталық оқшаулаудан өтіп, қазір карантиннен шыққанын хабарлаймыз. Олардың тест нәтижелері теріс болды.  

2020 жылғы 24 наурызда ҚМГ қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырды деген расталған жағдайлар тіркелген жоқ.

Жедел штабка барлық еншілес ұйымдардан COVID-19 және іске асырылып жатқан профилактикалық шаралар туралы ақпарат тәулік сайын келіп түседі.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту