Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
30.03.2020 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
     

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар туралы

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының 2020 жылғы 28 наурыздағы хатына сәйкес, сондай-ақ Маңғыстау облысында коронавирус ауруының алғашқы жағдайы анықталуына байланысты компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 2020 жылдың 30 наурызынан бастап коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейтеді.

Әзірленген жоспарды іске асыру шеңберінде коронавирустың алдын алу бойынша талаптардың орындалуын бақылау күшейтіледі (санитарлық гигиена, дезинфекция, өзін-өзі оқшаулау) бойынша талаптардың орындалуын бақылау және қоғам объектілерінде күзет-режимдік іс-шаралар күшейтіледі, адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында вахталық қызметкерлерді тамақтандырудың жаңа режиміне көшу ұйымдастырылады (жұмыс орындарына тамақтануды жеткізу).

Естеріңізге сала кетейік, бұрын әзірленген іс-шаралар Жоспары аясында қоғам кен орындарында (вахталық кенттерде) екі айға арналған азық-түліктің, медициналық препараттардың және медициналық жабдықтардың стратегиялық қоры құрылды (бірінші кезеңде 77 000 медициналық маскалар, 100 000 бір реттік медициналық қолғаптар сатып алынды және осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады).

Жақын күндері қызметкерлердің температурасын бақылау үшін алты тепловизор (үш – стационарлық, үш - портативті) түседі деп күтілуде. Қоғамның барлық әкімшілік және өндірістік объектілерінде санитарлық - дезинфекциялық режим күшейтілді, оның ішінде көлік құралдары, үй-жайларды кварцтау жүргізіледі, әсіресе қызметкерлер жиналатын жерлерде, қол жетімді жерлерде қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдары бар диспенсерлер орнатылған. Қазіргі уақытта қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс жасау түріне аудару бойынша жұмыс жалғасуда, Қоғамның кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс режимі  10 күннен 15 күнге дейін ұзартылады.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасы барлық мердігерлік және сервистік ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды және өзара байланысты мәселелерді үйлестіреді. Бүгінгі таңда компаниядағы әлеуметтік жағдай тыныш, еңбек ұжымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауды жалғастыруда. Барлық жұмыс орындары сақталуда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу жөніндегі мәселелер қатаң бақылауда.

Жедел штаб отырыстары тұрақты негізде өткізілуде, Қоғам басшылығы қоғам қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне байланысты барлық мәселелерді, сондай-ақ өндірістік циклдің тұрақтылығын сақтауға байланысты мәселелерді қатаң бақылауда ұстайды.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту