Маңғыстау облысында Бас мемлекеттік дәрігер Ерғали Садымановтың қаулысымен СОVID-19 пандемиясына байланысты карантин және шектеу іс-шараларының 2020 жылғы 25 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін ұзартылуына байланысты "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бұрын бекітілген Қоғам аумағында коронавирустық инфекцияның алдын-алу және ол анықталған жағдайда "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі Іс-шаралар жоспарын ұстануды жалғастырады.
Жоспарды орындау шеңберінде әкімшілік-басқару қызметкерлерінің 98 пайызы қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды, 15 сәуірден бастап Қоғам кен орындарында жұмыс істейтін мұнайшы-вахтовиктердің жұмыс режимі 30 күнтізбелік күнге дейін ұлғайды, асханаларда орындар саны 120 адамға дейін шектелді, әрбір үстел басында үш қызметкерден отырғызуға ғана рұқсат берілді, тамақ қабылдау уақыты 1,5-2 сағатқа ұзартылды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Сонымен қатар, карантин жарияланған аймақтардан қатынап істейтін жұмыскерлердің 70 пайыз жалақысын сақтай отырып жұмыстарына уақытша тоқтау қойылды.
Бүгінгі таңда Қаламқас және Жетібай кен орындарында азық-түлік пен медициналық препараттардың стратегиялық қоры құрылды: 259 000 дана бір рет қолданылатын бетперделер, 82 400 дана көп рет қолданылатын маскалар, 195000 дана бір рет қолданылатын қолғаптар, 800 дана шынтақ дозаторлары, 1700 литр антисептиктер және 1545 литр сұйық сабын сатып алынды. Сондай-ақ Қаламқас, Жетібай кен орындарында және Ақтау қаласында (автостанцияларға) стационарлық тепловизорлар орнатылды, барлық әкімшілік және өндірістік объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді.
Бүгінгі таңда Компанияның жағдайы тұрақты, еңбек ұжымы өндірістік міндеттерді орындауды жалғастыруда. Соvid-19 пандемиясы жағдайында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы тұрақты түрде өткізіледі. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ COVID-19 бойынша жағдай туралы мәлімет Маңғыстау облысы әкімдігінің тиісті құрылымдарына және "ҚазМұнайГаз "ҰК"АҚ қауіпсіздікті басқару орталығына күн сайын жіберілуде.
|