1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Үлкенді құрметтеу және үлгі тұту, ардагерлердің сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде.
Қазақта «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген өнегелі сөз бар. Алмағайып алмасқан алуан кезеңде мұнайлы өлкеде талай мұнайшы табанының табы қалды. Жасында ерінбей еңбек етіп, өндірісті өрге сүйреген, ел экономикасының дамуына жастық жылдарын арнаған ардагер мұнайшыларсыз бүгінгі тасы өрге өрмелеген компанияның өткен тарихын елестету мүмкін емес. Біздің ардагерлер - өмірлік тәжірибе, тәлім-тағылым, қазыналы түбектің облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлес, орасан зор еңбек. Мыңдаған ізбасар! Еңбектерінің зейнетін көріп отырған қазіргі шақта да олар ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бүгінгі таңда 1512 ардагер мұнайшы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының есебінде тұрады, тұрақты қамқорлықта. Оларға әлеуметтік көмек компанияның әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Атап айтқанда, Қоғам есебіндегі 1 513 зейнеткерге ай сайын 2 АЕК (5650 тг.), 8 наурыз мейрамында зейнеткер аналарымызға 30 000 тнг., «70-80-90 жас мерейтой иелеріне» 50 АЕК (138 900 тг.), зейнеткер күтіміндегі балаларға (15 балаға) 30 000 тнг., мұнайшылар күніне 55 650 тнг., тыл ардагерлеріне (55 адамға) 90 АЕК (232 000 тг.) тұрақты беріліп келеді. Бұл қолдау экономикалық дағдарыс кезінде де еш үзілген емес.
Ұрпақтар сабақтастығының сақталғандығының бір көрінісі - компанияның «Қартқа құрмет - жасқа міндет» атты тұрақты қайырымдылық акциясы. Қаржылай, рухани қолдауды көздейтін аталмыш акция жастар тәрбиесіндегі елеулі жоба. Ардагерлерімізді ардақтау – басты мұратымыз болып қала бермек. |