«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 бабының талаптарын орындау жолында, дауыс беруші акцияларының иегер акционерінің 2020 жылдың 04 желтоқсанындағы №8/12-2020 шешімімен 2019 жылдың қорытындысы бойынша жай және пұрсатты акцияларының иегерлеріне қосымша дивиденд төлеуді ұйғарды.
1) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат.
Қоғамның банктік деректемелері: «Қазақстанның жинақтау халық банкі» АҚ, БСН 990140000483, ИИК KZ636010231000040129, КБе 17, БСК HSBKKZKX.
2) Қосымша дивиденд төленетін мерзім - 2019 жылдың қорытындысы бойынша.
3) Дивидендтің бір пұрсатты акцияға шаққандағы мөлшері – 242 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).
4) Дивидендтің бір жай акцияға шаққандағы мөлшері – 242 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).
5) Дивиденд төлеу – 2020 жылдың 07 желтоқсанынан басталады.
6) Дивиденд төлеу тәртібі мен формасы – дивиденд оны алу құқығына ие акционерлердің тізімі бойынша, қолма-қол емес, акционерлердің банктік шоттарына аудару тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның дивиденд төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректемелері:
Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат, www.mmg.kz |