Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
29.12.2018 РУКОВОДСТВО АО "МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ" ПОЗДРАВИЛО КОЛЛЕКТИВ С НОВЫМ 2019 ГОДОМ!
   

Құрметті мұнайшылар, әріптестер!

 Баршаңызды келе жатқан жаңа - 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. Бұл - өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.

«Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл Компаниямыз үшін жемісті болды. Компанияның әлеуметтік саясатының игі нәтижесінде Асар кенорнында мұнайшылар жатақханасы, жасыл футбол алаңы, кітапхана, тренажер залы сияқты әлеуметтік нысандар мұнайшылар игілігіне берілді.

Жылдағы дәстүр бойынша мұнай өндірудің жылдық жоспары асыра орындалып, 30 желтоқсан күні 6 млн. 374 мың тонна мұнай ел байлығын еселейді деп күтілуде.

Қадірлі мұнайшылар, құрметті әріптестер! Компания жеткен жетістік, бағындырған биік, әрбір асқан асуларда Сіздердің өлшеусіз үлестеріңіз бар. Еңбекпен елдің көркеюіне үлесін қосып жүрген барлық мұнайшының мәртебесі биік, мерейі лайым үстем болсын. Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жаңа жылдың біздің компаниямыз үшін бұдан да жарқын боларына сенім мол.

Құрметті әріптестер! Компанияның дамуы мен гүлденуіне қосқан еңбектеріңізді жоғары бағалай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр тілейміз. Жаңа жыл – жаңа жетістіктер мен жаңа бастамалар жылы болсын!

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы

 

Бас директор                                            Лю Цзиньчэн

 

Бас директордың

бірінші орынбасары                             Б.А. Иманбаев


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог