Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
09.05.2020 ПОЗДРАВЛЕНИЕ С ДНЕМ ПОБЕДЫ

 

 

Қадірлі ардагерлер!

Құрметті маңғыстаулықтар!

 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын! Адамзат үшін бұл мерекенің орны бөлек, мәртебесі асқақ.

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс деген атауды арқалаған қанды қырғынды тоқтатқан қан майдандағы майдангер ерлігі мен тылдағы елдің жанкешті еңбегі – ұрпаққа ұран! Күллі әлемді күйретуді көздеген аждаһаның табаны қазақ жеріне тимегенімен, сол жылдары жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылған дейді Кәрі Тарих. Майданға миллиондап аттанып, жүздеп бейбіт болашақ үшін жат жерде қаза болған, хабарсыз кеткен Жауынгерлер қасіреті, Ұлдар мен Әкелерді күтіп сансыраған сағынышпен өткен аналар, жесір мен жетім тағдыры біздің тарихтың ең қайғылы беті. Жанкештілік пен құрбандықтың тағылымы. Адамзат қайта бармауы тиіс қадамның ескерткіші!

Майданнан аман оралған аға ұрпақ қатепті қара нардай соғыстан ойсыраған өнеркәсіп пен экономиканы қайта түлетті. Қалалар салып, өндірісті өркендетті. Қазақстан мұнай-газ саласы, соның ішінде Маңғыстаудың мұнай мен газ өндіру ісі Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен тыл еңбегі ардагерлерінің ерен еңбегінің үлгісіндей. Бүгінгі таңда соғыстың соңғы қос солдаты – атақты геолог Қамқа Апа Үмбеталина мен Қайыр Ата Қыдырбаев Жеңістің 75 жылдық мерекесін аға буын мұнайшылардың бүгінгі ұрпағымен бірге қарсы алуда. Біз бүгін Жеңіс тойына жете алмаған компания майдангерлері Намазбай Ығылманов, Виктор Васильевич Нечаев, Николай Григорьевич Скороход, Шарқатбай Қалыбаев, Екатерина Семеновна Семакина сияқты Жеңістің туын тігіп келіп, 60-жылдары Маңғыстау мұнайын игерген, шөл даланың атын әлемге танытқан марқұм ардагерлеріміздің Рухына Тағзым етеміз!

 

Дорогие ветераны и труженики тыла!

Уважаемые мангистаусцы!

 

От всей души поздравляем вас с 75-летием Победы в Великой Отечественной войне! Проходят десятилетия, сменяются поколения, но День Победы был, есть и остается символом беспримерного мужества и героизма. В этот праздничный день самые теплые поздравления и слова благодарности мы адресуем ветеранам – фронтовикам, труженикам тыла, людям, чье детство и юность были опалены войной – всем тем, кто на своих плечах вынес тяготы войны.

Мир всегда будет помнить истинных победителей! Совершенный старшим поколением подвиг служил, и будет служить для нас образцом несгибаемого мужества и несокрушимой стойкости духа, высоким нравственным ориентиром на все времена.

Дорогие ветераны и труженики тыла, желаем вам крепкого здоровья, мира, благополучия и бодрости духа! Пусть всегда вас согревают любовь и тепло родных, окружают искреннее уважение и благодарность!

Аса қадірлі ардагерлер! Сіздердің ерлік даңқыңыз жыл өткен сайын биіктемесе, аласармасы анық! Әлі талай буын Өздеріңізге - отансүйгіштік пен қаһармандықтың өнегесіне қарап бой түзейтіні сөзсіз! Бүгінгі қасиетті мерекеде Маңғыстау облысындағы соғыс және тыл ардагерлеріне маңғыстаумұнайгаздық әріптестер атынан ыстық ықыласымыз бен ілтипатымызды жолдаймыз! Бейбіт өмір, ашық аспан, Тәуелсіз ел сыйлаған қарияларымыз аман болғай, қажымас қайрат-жігер, зор денсаулық тілейміз!

Қатерлі дерттің беті қайтып, еңбегіміздің берекесі, қазанымыздың ырысы толғай! Аға буынның Жеңісті мұра еткен қайтпас қайраты мен жігері, бірлігі пен ынтымағы бізді уақыттың бұл сынынан да алып шығатынына сенім артамыз!

Жеңіс Күні құтты болсын!

С праздником Великой Победы!  

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог