Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Баға ұсыныстары әдісімен сатып алу
Баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен №133 лот «Кір жуатын жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер» бойынша тауар сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
          «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (индекс: 130000 Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, корпоративтiк веб-сайты www.mmg.kz) баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен №133 лот «Кір жуатын жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер» бойынша тауар сатып алуды өткiзетiнiн хабарлайды:

Атауы

Лот №

Сатып алынатын тауарлардың талап етiлетiн көлемі

Тауарды жеткізу орны

Тауарды жеткізу мерзімі

Төлем шарты

ҚҚС есебінсіз тауарды сатып алуға бөлiнген сома

Кір жуатын жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер

133

техникалық ерекшелiгiне сәйкес

техникалық ерекшелiгiне сәйкес

2010ж.

IV тоқсан

факті бойынша

1 322 300

Әлеуеттi жеткiзушiнiң баға ұсынысында олардың тасымалдауы мен сақтандыруына, кедендiк баж алымын, басқа салықтарды, алымдарды төлейтiн шығыстары және сондай-ақ тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарымен қарастырылған өзге де шығыстары кiретiн, ҚҚС есебінсіз бiрлiк бағасы мен тауарлардың жалпы бағасы қамтылуы тиiс.
        Әлеуеттi жеткiзушiмен ұсынған баға ұсынысы сатып алуды өткiзу туралы ақпаратта көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарды жеткізудi жүзеге асыруда оның келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.      
        Әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң қолы мен мөрi (ол бар болса) бекiтiлiп қойылған бiр ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы, онда мына мәлiметтер мен құжаттар болуы тиiс:
1) атауы, заңды және нақтылы мекен-жайы (заңды тұлға үшiн), патент және жеке куәлiк (паспорт) нөмiрi, тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы (жеке тұлға үшiн), әлеуеттi жеткiзушiнiң СТН және банктiк деректемелерi;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы және көлемi;
3) тауарды жеткізу орны мен мерзiмi;
4) тауарды жеткізуге байланысты қосылған шығыстарымен ҚҚС есебінсіз тауардың бiрлiк бағасы мен жалпы бағасы;
5) әлеуеттi жеткiзушiнiң мемлекеттiк тiркелуі туралы куәлiктің көшiрмесi;
6) лицензиялауға жататын тауарларды жеткізу кезiнде ҚР «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң тауар жеткізу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған лицензия көшiрмесiн ұсынуы тиiс;
Жеңiмпаз деп танылған әлеуеттi жеткiзушiмен сатып алу туралы шарт қорытындылар туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмде, алайда қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жасалады. 
         Әлеуеттi жеткiзушiлер кір жуатын жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер бойынша тауар жеткізуге қатысу туралы баға ұсыныстары салынып желiмделген конвертiн хабарландыру шыққан күннен бастап мына мекен-жай бойынша тапсырады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №709 кабинет сағ. 09-00-ден 17-30-ға дейiн (үзiлiс сағ. 12-00-ден 13-30-ға дейiн).
         Баға ұсыныстарын берудiң соңғы мерзiмi 2010 жылғы 20 қыркүйектің 10 сағ. 00 минутына дейiн.
        
Баға ұсыныстары әдiсiмен сатып алуға қатысу туралы баға ұсыныстары 2010 жылғы 20 қыркүйек күні 14 сағат 30 минутта мына мекен-жайда ашылады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, № 1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №709 кабинет.
         Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (7292) 211-105 сатып алу рәсімдерін өткізу мәселелері бойынша;
+7 (7292) 215-224 техникалық мәселелер бойынша.

Қосымша: шарт жобасы және техникалық ерекшелiгi; 


Техникалық ерекшелігі

Шарт жобасы

АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту