Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Баға ұсыныстары әдісімен сатып алу
Баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен Соматикалық ауруларды көп салалы стационарлық қызмет көрсету қызметін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
    «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы (индекс: 130000 Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, корпоративтiк веб-сайты www.mmg.kz) баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен Соматикалық ауруларды көп салалы стационарлық қызмет көрсету қызметін сатып алуды өткiзетiнiн хабарлайды:

Атауы

Сатып алынатын қызметтің талап етiлетiн көлемі

Қызмет көрсету орны

Қызмет көрсету мерзімі

ҚҚС есебінсіз қызметті сатып алуға бөлiнген сома

Соматикалық ауруларды көп салалы стационарлық қызмет көрсету қызметін сатып алу

техникалық ерекшелiгiне сәйкес

техникалық ерекшелiгiне сәйкес

Келісім шартқа кол қойғаннан бастап 31.12.2010 ж-ға дейін

5 000 000

Әлеуеттi жеткiзушiнiң баға ұсынысында олардың тасымалдауы мен сақтандыруына, кедендiк баж алымын, басқа салықтарды, алымдарды төлейтiн шығыстары және сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарымен қарастырылған өзге де шығыстары кiретiн, ҚҚС есебінсіз бiрлiк бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы қамтылуы тиiс.
    Әлеуеттi жеткiзушiмен ұсынған баға ұсынысы сатып алуды өткiзу туралы ақпаратта көзделген шарттарды сақтай отырып, қызметті көрсету жүзеге асыруда оның келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.      
    Әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң қолы мен мөрi (ол бар болса) бекiтiлiп қойылған бiр ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы, онда мына мәлiметтер мен құжаттар болуы тиiс:
1)   атауы, заңды және нақтылы мекен-жайы (заңды тұлға үшiн), патент және жеке куәлiк (паспорт) нөмiрi, тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы (жеке тұлға үшiн), әлеуеттi жеткiзушiнiң СТН және банктiк деректемелерi;
2)   көрсетілетін қызметтердің атауы, сипаттамасы және көлемi;
3)   қызметті көрсету орны мен мерзiмi;
4)   қызметті көрсетуге байланысты қосылған шығыстарымен ҚҚС есебінсіз тауардың бiрлiк бағасы мен жалпы бағасы;
5)   әлеуеттi жеткiзушiнiң мемлекеттiк тiркелуі туралы куәлiктің көшiрмесi;
6)   лицензиялауға жататын қызметті көрсету кезiнде ҚР «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң тауар жеткізу құқығын растайтын нотариалды куәландырылған лицензия көшiрмесiн ұсынуы тиiс;
   
Жеңiмпаз деп танылған әлеуеттi жеткiзушiмен сатып алу туралы шарт қорытындылар туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмде, алайда қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жасалады. 
    Әлеуеттi жеткiзушiлер Соматикалық ауруларды көп салалы стационарлық қызмет көрсету қызметінне қатысу туралы баға ұсыныстары салынып желiмделген конвертiн хабарландыру шыққан күннен бастап мына мекен-жай бойынша тапсырады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №709 кабинет сағ. 09-00-ден 17-30-ға дейiн (үзiлiс сағ. 12-00-ден 13-30-ға дейiн).
    Баға ұсыныстарын берудiң соңғы мерзiмi 2010 жылдың 11 қазаны  сағат 10.00-ға дейiн. 
   
Баға ұсыныстары әдiсiмен сатып алуға қатысу туралы баға ұсыныстары 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, № 1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №709 кабинет мекен-жайы бойынша 2010 жылдың 30 қазанында сағат 14.30- да ашылады.
    Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (7292) 212-169 сатып алу рәсімдерін өткізу мәселелері бойынша;
+7 (7292) 211-001 техникалық мәселелер бойынша.

Шарт жобасы

Техникалық ерекшелігі

АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту