Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
19.12.2019 «ЖЫЛ МҰНАЙШЫСЫ - 2019»

    

Маңғыстау облысында өткен «Жыл адамы - 2019» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Байқауға Маңғыстау облысында тұрақты тұратын, жыл бойы үздіксіз еңбек еткен өз саласының майталмандары қатысты.

Осы жылы «Жыл адамы - 2019» атағына 21 үміткер лайық деп танылды. Соның ішінде «Жыл мұнайшысы» атағына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы өндірістік-техникалық бөлімнің 1-санатты мұнай және газ өндіру жөніндегі инженері Айман Кенжебаева ие болды.

Айман Гурьев политехникалық техникумын «мұнай-газ скважиналарын пайдалану» мамандығы бойынша бітіріп, 1987 жылы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ-на 3-дәрежелі оператор болып орналасты. Еңбек жолының бастауы қанатын қатайтып, жігерін жаныған ол өндірісте өзіне тапсырылған жұмысты тыңғылықты орындап, сол кәсіптің майталман маманы атанады. 1995 жылдан бері 1-санатты инженер қызметіне ауысып, бүгінде абыройлы еңбек етіп жүрген Айман Кенжебаева Компанияның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, «CNPC» ҚҰМГК-ның алғыс хаттарымен марапатталған.

Еңбегіңізге жеміс тілейміз!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту