Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
15.01.2020 ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛДІ
     

Елбасының "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ озық технологияларды өндіріске енгізу бағытында  нақты шаралар алуда. Сандық технологияларды пайдалану өндірісті басқарудың қазіргі заманауи жүйесін құру, өндіріс нысандарынан нақты уақыт тәртіптемесінде  ақпарат жинақтау, кенорындарды пайдалануды жаңа деңгейге шығару, игеру шығындарын азайту, кенорынын автоматтандыру деңгейі мен энергия тиімділігін арттыру сынды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл технологиялар төтенше жағдайлардың қаупін жояды және экологиялық қауіптерді азайтады.

«Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамында  аталмыш  жаңа технология «Асар» кенорынында мұнай өндіру нысандарының телемеханика жүйесін реконструкциялау және 25 өндіруші ұңғыны автоматты басқару жүйесін жарақтандыру бойынша енгізілді. Яғни, Асар кен орнындағы өндіруші 25 ұңғымада  штангалы терең сорғымен автоматтандырылған басқару станциялары пайдалануға беріліп, ол 2019 жылдың аяғынан бастап  тестілік режимде жұмыс жасап тұр.

 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы автоматтандыру, информациялық технологиялар және байланыс департаменті  автоматтандыру, телемеханика және метрология  бөлімінің бастығы Жахан Ізбасаров  бұл технологияның ескі кенорындарының екінші тынысын ашатындығын айтып, жаңа жобаның бірінші кезеңін іске асырудан күтілетін экономикалық нәтиже -  жерасты/жер үсті жабдықтарының жұмысын 363 күнге дейін оңтайландыру арқылы күрделі жөндеу кезеңін масштабтау, ҰЖЖ (ұңғымаларды жерасты жөндеуді) жылына 26 ретке дейін азайту, ұңғымалардың тоқтап тұрған кезіндегі ысыраптардың азаюы есебінен мұнай өндірісін ұлғайту, жылына 555 мың кВт * дейін энергияны үнемдеу сияқты қол жететін оң  көрсеткіштер туралы баяндады.

«Жетібаймұнайгаз»  өндірістік басқармасы №3 мұнай-газ өндіру цехының бастығы Қазбек Көшербайдың сөзінше, мұнай өндіру нысандары мен ұңғымалардан келетін ақпарат  оператордың жұмыс орнына/диспечерлік қызметке түседі және мамандар нақты уақыт тәртібінде технологиялық процесті жіті бақылап, қажет болған жағдайда нақты шешімдер алуға, сондай-ақ өлшемдерді үздіксіз бақылап, өзгерістер бойынша  жедел  әрекет етуге мүмкіндік  алады. Ең бастысы, жүйе өндіру ұңғымалары жайында толық сараптама жасайды.

Бірінші кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша осы жылы Асар кен орнында жобаны дамыту жоспарлануда, яғни  2-ші кезеңі жалғасады. Сондай-ақ жобаны 2021-2023 жылдар  аралығында Қаламқас, Жетібай кенорындарында  қолданысқа енгізу жүзеге асырылмақ.

Мамандар аталмыш инновациялық технологияның ескі кенорындарды пайдалануды жаңа деңгейге шығаруға және кенорындарды игеру мен пайдалану шығындарын азайту арқылы компанияның экономикалық көрсеткіштерін өсіруге ықпал ететіндігіне  сенімді.

 

 

 

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту