Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
08.03.2020 ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕС ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!

    

 Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке. Біздің халқымыз «Даналардың өзі аналардан жаралады», – деп бекер айтпаған. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп, ұлттың ұйытқысы болып отырған аяулы аналар Өздеріңізге мың алғыс.

Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында 650-ден астам қыз-келіншектер мұнай өндірісінде, орталық аппаратта аянбай еңбек етуде. Өлкеміздің өсіп-өркендеуінде біздің компаниямыздың үлесі қандай болса, сол табыста Сіздердің  еңбектеріңіз өте зор екенін ерекше атап өткім келеді.

Өндірістің суығына тоңып, ыстығына күйіп, мұнай игеруде   ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген ардагер аналарымыз, өндіріс озаттары, басқару аппаратында қызмет атқаратын өз ісінің мықтылары – геолог, есеп-қисап мамандары, заңгер, құрылысшы қыз-келіншектердің ком-пания өміріндегі орны ерекше. Өздеріңізге деген құрмет - зор, ықылас- ыстық!

Қадірлі аналар, құрметті ханымдар! Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұтас ұрпақ та сондай. Сондықтан ар-намыс, адалдық пен адамгершілік, ізгілік пен қайырымдылық қасиеттерді бойына сіңірген Өздеріңіз аман болыңыздар!  Сіздер бүгін ердің ғана емес, бүкіл елдің тірегі болып отырсыздар. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де өздеріңізсіздер. Ақыл мен парасат, сұлулық пен сымбат бойлары-ңыздан әрқашан табыла берсін. Шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен,

 

«Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ  Басқармасы,

 

Бас директор                                                    Лю  Цзиньчэн

Бас директордың бірінші орынбасары        Қалбай  Ізмұханов

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту