Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
18.03.2020 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ
     

«Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамында коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның таралуына жол бермеу бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығына сәйкес "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да жедел штаб құрылды, Қоғам қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдар қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар Жоспары әзірленді.

Іс-шаралар Жоспары шеңберінде Қоғам қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдардың коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар шет елдерге жұмыс сапарлары шектелді; Қоғам объектілерінде барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды; Қоғам аумағындағы барлық өндірістік объектілер, тұрғылықты және тамақтану объектілері дезинфекциялық құралдардың қажетті санымен қамтамасыз етілген, дезинфекциялық режим күшейтілген және ол тұрақты бақылауда. Барлық қызметкерлерге жұмыс орнында "таза үстел" саясатын сақтау талабы қойылды, жұмыс орындарын  дезинфекциялау және таза ұстау жөнінде үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындардан, жиындарға баруды шектеу жөнінде түсінік жұмыстары жүріп жатыр. Мұнайшыларға медициналық қызмет көрсететін «MEDITERRA» денсаулық орталығы Қаламқас, Жетібай кенорындарындағы медпунктерде және Ақтау қаласындағы емханада коронавирус инфекциясының алдын алу мен тарамауына бағытталған оқу-жаттығу шараларын өткізуде. "Коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмі" және "коронавирустық инфекцияға күдікті немесе науқас анықталған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізудің жедел жоспары" әзірленді.

Бүгінгі таңда компаниядағы әлеуметтік жағдай тыныш, еңбек ұжымы қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауды жалғастыруда. Барлық жұмыс орындары сақталады. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша жағдайды қалыпты ұстауға, өндіріс процесінің  тұрақтылығын сақтау бағытында ішкі резервтерді қосу арқылы нақты шаралар  алыну үстінде.

Сондай-ақ "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасы барлық мердігерлік және сервистік ұйымдармен өзара тығыз байланыста, оларға қатысты мәселелерді үйлестіруде. Қоғам басшылығы қоғам қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне байланысты барлық мәселелерді, сондай-ақ өндіріс тұрақтылығын сақтауға байланысты мәселелерді қатаң бақылауда ұстайды.

Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің саны 4012 адамды құрайды. Оның ішінде 17 қызметкер – ҚХР азаматтары Қытай аумағында жалақысы сақталмайтын демалыста.

Жедел штаб отырыстары  кестеге сай өткізілуді, қоғам қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне байланысты, сондай-ақ өндірістік циклдің тұрақтылығын сақтауға байланысты мәселелер  компания Басқармасының қатаң бақылауында.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту