Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
02.03.2020 ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ

     

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Маңғыстау-мұнайгаз» акционерлік қоғамы өз қызметкерлеріне рухани кеш сыйлады. Ұжым   Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма  театрында  болып, Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиялық қойылымын  бірге тамашалады. Кешке Компанияның өркендеуіне мол үлес қосқан зейнеткер-ардагерлер мен  компания қызметкерлері келді.

 Қойылым алдында Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Шолпан Лазарқызы Илмуханбетова сахнаға көтеріліп, компания басқармасы атынан ардагерлер мен қызметкерлерге көп жылғы адал еңбектері мен толағай табыстары үшін зор алғыс айтып, алдағы көктем мерекелерімен құттықтады.

Ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, жалпы қоғамда орын алатын келеңсіздікті арқау еткен мұңды комедиянны  театр актерлері жоғары шығармашылық деңгейде орындап шықты. Астарлы әзілге толы комедия көрермен қауымды күлкіге бөлей отырып, терең ойға батырды. Жеті ұл өсіріп, қырық бір немере тәрбиелеп, алты келін жұмсап отырған Фармон бибі қабағы қатыңқы, мінезі тік әрі қатал жан. Ата салтты мықты ұстайтын бір бәйбіше бір ауылға керек-ау деген ойдың құшағында отырып, көрермендердің актерлармен бірге қуанып, бірге жылаған сәттеріне куә болдық. Бір сөзбен айтқанда, өнердің  құдіретін дәлелдеген шығармашылық ұжымның өнеріне мұнайшылар дән риза болды.

Күнделікті күйбең тіршіліктен қолы босамайтын кеңсе қызметкерлері мен құрметті демалыстағы зейнеткер-ардагерлер бір сәт театрда басы қосылып, рухани азық алып қайтты. Осындай іс-шараларға ұжымның жиі қатысуы олардың арасындағы корпоративтік қарым-қатынасты нығайтып, бекіте түсері сөзсіз.

 Ертілиева Нұрбибі - зейнеткер: Бүгінгі Алғыс айту күні құтты болсын! Біз зейнетке шығып кетсек те, ұмытпай шараларға шақырып жүретін Компаниямызға алғыс айтамыз. Әлі де өрлеп шыңға шығуын, биіктерден көрінуін тілейміз. Бүгінгі спектакль ұнады, керемет мәдени демалыс болды.

Өтебаева Алтынгүл - тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор: Бұл қойылымның көрерменге айтары бар, ой салатын шығарма деп білемін. Театрдың жас толқын әртістері өздеріне жүктелген міндетті жақсы алып шықты. Сахна декарациясы да жоғары деңгейде. Қарапайым еңбек адамдары мен шығармашылық адамдарының арасындағы байланыс ұзағынан болсын деп тілеймін.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту