Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
06.04.2020 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҮНДЕУІ
     

Құрметті әріптестер, қымбатты мұнайшылар!

Біз бүкіл әлем жұртшылығының  COVID-19 вирусы пандемиясына байланысты ауыр сынаққа тап болғанына куә болудамыз. Дүниені жайлаған дертке байланысты адам өмірі мен тұрмысы әдеттегіден күрт өзгерді. Осыған орай қауырт қабылданған шешімдердің халыққа оңай болмай жатқандығын да түсінеміз. Бірақ елдің қауіпсіздігі үшін оларға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Осы кезеңде әркімнің өзінің азаматтық саналылығын көрсетуі, биліктің талаптарына, дәрігерлер мен мамандардың ұсынымдарына жауапкершілікпен қарауы, өзін және жақындарын қорғауы өте маңызды.

Ел басшылығы, жергілікті атқарушы органдар халықты қауіпті індеттен  қорғау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда, азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан экономикасын қолдауға аса маңызды қадамдар жасалуда.

"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы басшылығы да коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу бағытында алдын ала  іс-шаралар жоспарын қабылдағаны Өздеріңізге мәлім. Біздің басты  міндетіміз – Компания қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі болып қала бермек. Осы Жоспарды іске асыру шеңберінде Қаламқас және Жетібай кен орындарында азық-түлік пен медициналық препараттардың стратегиялық қоры құрылды, адам температурасын бақылауға арналған стационарлық тепловизор-құрылғылар сатып алынды. Тепловизорлардың бірі Қаламқас кен орнында орнатылды, екіншісі жақын арада Жетібай кен орнында іске қосылмақ. Сонымен қатар, жоспарды жүзеге асыру аясында  қызметкерлердің басым бөлігі қашықтықтан жұмыс режиміне көшті, Қоғам кен орындарындағы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшылардың жұмыс режимі 15 сәуірден бастап 30 күнге дейін, сервистік компанияларда вахта мерзімі 28-30 күнге дейін  ұзартылады. Компанияның барлық әкімшілік және өндірістік объектілерінде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, оның ішінде көлік құралдары, үй-жайларды кварцтау жүргізілуде, әсіресе қызметкерлер жиналатын жерлерде, қол жетімді жерлерде қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдары бар диспенсерлер орнатылған.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасы компанияның тыныс-тіршілігі мәселелерін «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамымен өзара жедел үйлестіруде, сондай-ақ, мердігерлік және сервистік ұйымдардың басшыларымен тұрақты байланыста. Бүгінгі таңда Компаниядағы әлеуметтік жағдай тыныш, еңбек ұжымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауды жалғастыруда.

2020 жылдың бірінші тоқсанының мұнай өндіру жоспары орындалды.

Осы сәтті пайдалана отырып, бұл күрделі кезеңде мінсіз жұмысы, батылдығы мен табандылығы үшін алдыңғы қатарда еңбек еткен барлық Қаламқас, Жетібай, орталық аппараттағы әріптестерімізге зор алғыс айтамыз.

 

Құрметті әріптестер!

Егер біз ұйымшылдық танытып,  қазіргі жағдайдың күрделілігін терең түсінетін болсақ, қабылданған және әлі де қабылданатын барлық шаралар өз нәтижесін беретіні сөзсіз. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  басшылығы Қоғам қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістік циклдің тұрақтылығын сақтауға байланысты барлық мәселелерді шешуді жалғастыратын болады.

Біз қазіргі қиындықтарды бірге еңсеріп, мына нәубеттен аман-есен шығатынымызға сенеміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! #БізБіргеміз

 

Құрметпен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту