Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
18.06.2020 УАҚЫТЫНДА КЕЛГЕН КӨМЕК!

 

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша, бүгін 18 маусымда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы Ақтау қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына – үш жаңа реанимобильді сыйға тартты.

Реанимобильдер шұғыл көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған, бұдан басқа, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ облыстық ауруханаға 20 дана өкпені жасанды желдету аппараттарын (ӨЖЖ) өтеусіз түрде көмек ретінде ұсынды. ӨЖЖ аппараттары Маңғыстау облыстық ауруханасына, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарға, облыстық балалар ауруханасына, жұқпалы аурулар ауруханасына, сондай-ақ өңірдің аудандық ауруханаларына беріліп, қызметке қосылды. Жалпы алғанда компания денсаулық сақтау органдарына 818 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.

- Коронавирустық инфекция пандемиясының біздің күшімізді сынап жатқан, еліміз үшін күрделі осы кезеңде біздің ортақ қиындықтардың алдында бірігуіміз маңызды, - деп атап өтті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы. – Реанимобильдер мен өкпені жасанды желдету аппараттары – бұл біздің жерлестеріміздің денсаулығын сақтау және құтқару ісіне қосқан қомақты үлесіміз. Медициналық жабдықтар ұзақ және сенімді қызмет етеді деп үміттенеміз. Барлық маңғыстаулықтарды медицина мамандарының ұсыныстарын мүлтіксіз орындауға, барлық нұсқамаларды орындауға және өз денсаулықтарын мұқият бақылауға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ инфекциялық және провизорлық орталықтардың дәрігерлік қызметкерлерін, блок-бекеттерде кезекшілік ететін полицейлерді және патрульдік қызмет қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту