Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
06.07.2020 ЖЕТІБАЙЛЫҚТАР АЛҒЫ ШЕПТЕ!
  

Бәрекелді, "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының ұжымы!

Індет іргемізді аңдып, халықтың ахуалы күн санап төмендеп бара жатқаны баршамыздың жанымызға батуда. Сүттей ұйыған халықтың тыныштығы қашып, індеттен еңсесі түсіп қорғансыз күн кешуде.

Осындай ауыр сәтте "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының ұжымы тыныс алуы қиындаған науқастардың дұрыс дем алуы үшін, босаған оттегі (кислород) балондарын қабылдап, орнына толық балондарды ауруханаларға жеткізуді ауыл әкімдерімен бірге ұйымдастыруда. Арнаулы чат арқылы бір-біріне хабар салған мұнайшылар ауруханаға көмекке келуде.

Құрық, Жетібай ауылдарындағы ауру-ханаларда ем алып жатқан науқастарға көмек қолын созған жаны жомарт жандарға мың алғыс!

Нағыз қайырымды жанашыр жан осындай сәтте байқалады. Аудан тұрғындарының саулығын ойлап, барын салатын осындай азаматтардың жүректілігіне қалайша разы болмайсыз?

Пандемиямен күресуде әлсіздік танытпайық!

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту