Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
31.07.2020 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ МӘТІНІ
 

Құрметті әріптестер!

 

Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.

Осынау айтулы күнде көкірегіне иман нұры ұялаған әрбір адам игі істер жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жан-жағына қуаныш сыйлауға ұмтылады. Компаниямыз да қашанда ізгі шараларға мұрындық болып келеді. Елге келген нәубеттің бетін қайтару жолында облысымыздың денсаулық саласына қайырымдылық көмекті жалғастыруда. Біз жақсы күндердің оралатынына, халқымыздың мамыражай өмірінің әлі алда екендігіне сенеміз! Сондықтан осы жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілейміз! Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры                                                                             Лю Цзиньчэн

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары                               Измуханов К.А.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту