Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.09.2020 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!
 

Құрметті мұнайшылар, сала ардагерлері!

 Баршаңызды жыл айналып қайта жеткен кәсіби мерекеміз - Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2020 жыл Қазақ елі үшін де, жалпы адамзат үшін де оңайға соқпады. Осыған қарамастан кәсіп атаулының бәріне тұсау болған пандемия кезінде арқалаған жауапкершілігіміз бен міндетіміздің қоғам тыныштығы мен мемлекет тұрақтылығы үшін маңыздылығын ескере отырып, компания ұжымы өндірістің ырғағынан жаңылуына жол бермедік. Дер мезгілінде жасалған сақтық шаралары мен алдын алу жұмыстарына, қабылданған ережелерге түсіністікпен қарап, төтенше жағдайды бақылау бағытындағы тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған мұнайшылардың арқасында белгіленген межелер бағындырылуда. Мұның өзі өз кезегінде, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік келісімдерді орындауға мүмкіндік берді.

Қадірлі әріптестер! COVID-19 пандемиясы тұтас елдің басына нәубет болып келді. Жоғалтқанымыз да аз емес. Жылда жадырап келетін жаз биыл шаңырақтарға қайғы әкелді. Өкінішке орай, 9 әріптесіміз бүгін қатарымызда жоқ. Жыл сайын қоңыр күзде бір жыл аралықтағы қол жеткен табысымызды екшеп, алдағы кезеңге меже белгілейтін төл мерекеміздің үстінде биыл, пандемия құрбаны болған мұнайшы әріптесті қайғырып еске аламыз. Індет салдарынан қара жамылған олардың отбасына көңіл айтамыз, қайғыларына ортақпыз! Жаратқанның әрбір ісінің артында бір қайыр бар дейді қазақ. Елдігімізге сын болып келген бұл індеттің де түбегейлі жойылар күні алыс емес екендігіне сенеміз.

Күннен күнге жақсарып келе жатырған эпидемиологиялық ахуал мен сырқаттанған азаматтар санының төмендеуіне «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы да елеулі үлес қосты. Облыстың денсаулық саласын қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтумен қатар компания мұнайшылары қанатымен су сепкен қарлығаштай пандемияға қарсы күресте мылтықсыз майданның алғы шебінен табылғанын аса зор құрметпен айтамыз. Вахтааралық демалыста дәрігерлермен қатар тұрып әрбір жерлесіміздің өмірі үшін күрескен азаматтықтарыңыз ел аузында! Біздің бірлігіміз бен ынтымағымыз көңілдерге үміт ұялатты.

Мереке құтты болсын, мұнайшылар! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Ел аман болғай, төрт көз түгел, есендік пен саулықта биік белестерді ала беріңіздер!

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Бас директоры                                                     Лю Цзиньчэн

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Бас директорының бірінші орынбасары                  Қалбай Ізмұқанов


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту