Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
04.07.2020 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
 

Құрметті әріптестер!

 "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қоғамның келісімшарт аумағындағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне, COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтар санының күн санап артуына және Компания қызметкерлері мен сервистік мекемелер қызметкерлері арасында орын алған 6 өлім дерегіне байланысты 2020 жылғы 5 шілде мен 5 тамыз аралығына Қаламқас, Жетібай мен Асар кенорындарында "С" жоспарын (Карантин режимі) іске қосатындығын хабарлайды.

"С" жоспары келесідей жағдайларды қамтиды:

- барлық бизнес бағыттар бойынша мердігер/субмердігер мекемелерге 2020 жылға жасалған келісімшарттар бойынша қарастырылған жұмыстарды уақытша тоқтатқан жағдайда, міндеттерді орындамаған жағдайда Компания тарапынан айыппұл салынбайтындығы жөнінде хабарлама тарату;

- скважиналарды бұрғылау және жөндеу жұмыстарын тоқтату туралы жұмыс жоспарын жасақтап, Басқарма мүшелерімен келісу (апаттық жағдайда қызмет ететін бригадаларды ғана қалдыру);

- коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты қиын жағдайларға "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ мен мердігер/субмердігер мекемелердің "С" жоспары бойынша дайындықтарын пысықтау. ӨБ басшыларымен "Карантин" кезінде қажетті қызметкерлер саны мен арнайы техника түрлерімен келісу;

- апаттық-құтқару қызметі, өрт қауіпсіздігі, тамақтану, тұрмыстық қамсыздандыру, медициналық қызмет және бизнес бағыттар бойынша кенорындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызмет түрлерінен басқа қызметтер мен жұмыстарды бір айлық мерзімге уақытша тоқтату туралы нұсқаулардың жедел әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

- еңбек демалысын рәсімдеу немесе жұмысты мәжбүрлі тоқтату  арқылы Компанияның келісімшарттық аумақтарындағы қызметкерлер санын мейлінше азайту. "ҚМГ" ҰК АҚ барлық еншілес және тәуелді мекемелерінде мәжбүрлі тоқталысқа жіберілген қызметкерлердің айлық жалақысы әдеттегі жалақыдан 70% көлемінде есептелсін;

- "ҚМГ" ҰК АҚ еншілес және тәуелді мекемелері қатарына кірмейтін мердігер және субмердігер мекемелер мәжбүрлі тоқталысқа жіберілген   қызметкерлерінің жалақысын өздерінің ішкі нормативтік-құқықтық актілері негізінде жүзеге асырсын;

- Қоғам кенорындарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ережелері мен талаптарының сақталуын қадағалау шараларын күшейту. Аталған талаптардың сақталуына құрылымдық бөлімдер мен өндірістік-құрылымдық бөлім жетекшілері мен мердігер/субмердігер басшылары тікелей жауап береді;

- білікті медициналық мамандарды жұмылдыру арқылы Қаламқас, Жетібай және Асар кенорындарында Компания қызметкерлері мен мердігер/субмердігер мекеме қызметкерлерінің ауысым алдында медициналық тексерістен өтуін қамтамасыз ету;

- коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау  шараларының жүзеге асырылуын қадағалау: маска тағып жүру, міндетті күнделікті қызу өлшеу шаралары, қолдарды жиі жуу және арнайы антисептикалық ерітінділерді қолдану, күніне кемінде 2 рет барлық бөлмелер мен ғимараттарда ылғалды тазалау және арнайы дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы бұйымдарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, көліктердің салондарын күніне 2 рет залалсыздандыру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау;

- Компания қызметкерлері мен мердігер/субмердігер мекеме қызметкерлерінің вахталық ауысымы және кенорын ішіндегі қозғалыс кезінде автобустарда отыру тәртібін сақтау (шахматтық әдіс);

- апаттық жұмыстар кезінде тәуліктік кезекшілікті ұйымдастыру арқылы "Жетібай" және "Асар" кенорындарында вахталық жұмыс тәртібін енгізу;

- Қаламқас кенорнындағы обсерваториялық госпитальдың және "Хирургии Институты " ЖШС Филиалына қарасты басқа да медициналық мекемелердің COVID-19 жұқтырған азаматтарды, сондай-ақ ЖРВИ мен пневмания белгілері бар науқастарды қабылдауға толық дайындау, қажетті дәрі-дәрмек түрлері мен медицина мамандарымен  қамтамасыз ету;

- құрылымдық және өндірістік құрылымдық бөлім жетекшілері мен мердігер/субмердігер мекеме басшылары Компания Басқармасымен келісу үшін шектеу кезеңінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің резервтік тізімін жасақтауы тиіс (вахтадағы немесе ауысымдағы науқастанып қалған қызметкерді жедел алмастыру үшін). 

Құрметті әріптестер!

Осынау күрделі кезеңде қабылланып жатқан барлық амал-шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз, Карантин шарасы  5 шілде мен 5 тамыз аралығында – бір ай мерзімге алынғандығын, бұл Сіздердің, барша мұнайшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қолға алынып отырған мәжбүрлі қадам екендігін  баса  айтамыз. Сондықтан денсаулық сақтау саласы мамандарының жасаған нұсқауларын қатаң орындауыңызды, қажетті санитарлық нормаларды жіті қадағалауды сұраймыз.

Қазіргі таңда біздің әрқайсымыздың ұжымдас жора-жолдастың, отбасы мен ет жақын ағайын-бауырдың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, азаматтық танытудан артық мақсат-мұрат болмай отыр.  Бұл баршамыз үшін де өте маңызды. Бірігіп, иықтаса жүріп барлық қиындықтарды еңсеретінімізге сенімдіміз!

 

Құрметпен,

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасы


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту