Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
11.11.2020 ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ МАҢҒЫСТАУҒА САПАРЫ
 

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстауға жұмыс сапарымен келді. Министр Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында бірнеше өндіріс нысандарында болып, олардың жұмыс барысы мен алдағы жоспарларымен танысты. Сонымен қатар Еңбек даңқы мұражайына болды. Мұнайшылардың шөл далада жанқиярлықпен еңбек еткен кезеңінен және Жетібай кенорны қалыптасуының барлық кезеңдерінен сыр шертетін сирек жәдігерлерді көзімен көріп, құжаттар мен көне фотосуреттерді тамашалап, кенорынның күнделікті тыныс-тіршілігіне қанықты.

- Маңғыстау түбегіндегі алғаш мұнай шыққан жерге қойылған ескерткішпен таныстық. Бұл өткенге тағзым. Мұражайдағы материалдар аға буынның қандай ауыр кезеңдерден өткендігінен сыр шертеді. Бүгінгі таңдағы басшылықтың мұнайшыларға жасап отырған қамқорлығын, жұмыс жасау жағдайларын, әлеуметтік мәселелерді салыстырғанда байырғы мұнайшылардың қандай тар жол, тайғақ кешуден өткенін аңғарасың! Маңғыстауда болған екі күндік іссапарда отын энергетика кешеніне қатысты мекемелердің өздеріне қабылдаған міндеттемелер бойынша тұрақты жұмыс жасап жатқандығының куәсі болдық. Мұнайшылар мемлекеттік тапсырмаларды абыройлы атқарып келе жатыр. Бұл үрдіс ары қарай жалғасын таба береді деп ойлаймыз. Осы орайда айта кететініміз, биыл әлемдік пандемия кезінде экономикалық белсенділіктің төмендеуіне орай мұнай өндіру жоспарын 5 млн-ға нақтыладық. Жоспардағы 90 млн-ның орнына 85 млн тонна мұнай өндіреміз деген жоспарымыз бар және мұнай өңдеуді 17 млн-нан 16 млн-ға түсірдік. Бұл әрине, түсімдердің азаюына, мекемелердің өндірістік жоспарларын қайта қарауға алып келді. Дегенмен, Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес арнайы осы жаағдай үшін құрылған мемлекеттік комиссияның қабылдаған шешімдері арқасында мұнайшыларға да, мұнай өңдеушілерге де, осы салада қызмет атқарып жүрген сервистік мекемелерге де қолдау тоқтаған емес.

Сондай-ақ, Нұрлан Асқарұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және басқа да мұнай компаниялары басшыларына ризашылығын білдіре отырып, пандемия кезінде өндірістік жоспарларын нақтылап, шығыстарын оңтайландыру барысында әлеуметтік салаға еш нұқсан келтірмегендерін атап өтті.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту