Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
14.12.2020 МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
 

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев онлайн режимде Республиканың түпкір-түпкіріндегі мұнайгаз саласының өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар мұнайшыларды мерекемен құттықтап, марапаттады. Олардың қатарында  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымының мұнайшылары да бар.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шарада Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев  компанияда дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, шығындар қысқартылғандығына тоқталды. Өндірістік персоналдың жұмыс орындары сақталып, әлеуметтік міндеттемелер орындалып, жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсарғанын айтты:

- Құрметті әріптестер! Баршаңызды абыройы асқақ, беделі биік мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Қазақ еліне еркіндік пен бостандық сыйлаған айтулы күн! Ата-бабамыздың асыл арманын орындап, Тәуелсіздікті тұғырына қондырған бүгінгі ұрпақтың бақыты баянды болсын. Ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмылып, өндірісті бір сәт тоқтатпаған қажырлы еңбегіңіз бен мен қайсар рухыңызға ризашылығымды білдіремін. Сіздер мұнай-газ кешені ел экономикасының берік тірегі екенін тағы да дәлелдеп бердіңіздер. Алайда босаңсуға болмайды. Биыл өткен жылмен салыстырғанда ҚазМұнайгаздың мұнай өндіру көлемі 2 млн тоннаға аз болмақ. Әрине, бұл біздің қаржы және өндірістік көрсеткіштеріміздің төмендеуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, алдағы жылы да мұнай нарығында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды деп болжап отырмыз. Сондықтан біз дағдарысқа қарсы стратегиямызды әрмен қарай іске асырып, үнемдеуді 2021 жылдың аяғына дейін жалғастыратын боламыз. Мен әрқайсыңызды ел игілігі үшін аянбай қызмет етуге, жұмыс барысында табандылық танытуға шақырамын. Қолда бар жетістіктеріміз сіздердің еңбегіңіз бен бірлігіңіздің жемісі деп білемін. Мереке құтты болсын, ағайын! Азаттық алауы әр шаңыраққа береке мен қуаныш әкелсін. Мемлекетіміздің мерейін асырып, өркендеп гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!

Салтанатты жиын соңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқарма басшылары ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап,  мұнайгаз саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Маңғыстау облысы әкімінің және Компанияның Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Кәсіподақ атынан мерекелік төсбелгі алған әріптестер де болды. Салалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін Кәсіподақ төрағасы Тарғын Мысамбаев марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапатталған барлық азаматтар Компаниямыздың дамуына әлі де атсалыса беретіндіктерін жеткізді.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту