Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
23.12.2020 ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА
 

Желтоқсан айының 22-ші жұлдызында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы саналы ғұмырын мұнай-газ саласына арнаған ардагер-мұнайшы, жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік марапаттардың иегері Бөгенбай Қожықовты 80 жасқа толуымен құттықтады.

Бөгенбай Қожықов 1968-1985 жылдары Жетібаймұнайгаз ӨБ қатардағы жұмысшыдан бас геолог, Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып еңбек еткен.

1986 жылы «Маңғышлақнефть» ӨБ ауысып, 2006 жылға дейін бөлім бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2006-2007 жылдары «Бузачинефть» мекемесінде кеңесші болған.

«Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Мұнай өнеркәсібінің үздігі», Елбасының «Алғыс» марапаттарының және бірқатар медальдар мен Құрмет грамоталарының, Алғыс хаттар мен естелік белгілердің иегері.

Мерейлі жасқа шыққан әріптес ағаларына сый-сияпат жасап, жылы лебіздерін білдірген бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Ізмұқанов үлгі-өнегенің өзегі болып жүрген ардагерге зор денсаулық тілеп, иығына шапан жапты.

Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ақсақал өзінің туған күнін елеп-ескеріп, арнайы құттықтаған Компания басшылығына, мұнайшыларға алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі, ақ батасын берді.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту