Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.03.2021 ҚҰТТЫҚТАУ
  

 

Аяулы әріптестер!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық тілейміз.

Адамзат ойлап тапқан ең көркем мерекенің ең көрікті жыл мезгілімен қатар келуі де бекер емес шығар. Көктемнің күні секілді жанымызда жүрген Сіздер, әрдайым көңілімізді жылытып, жарқын болашаққа деген сенімімізді арттырып жүресіздер. Әлемнің өзі Сіз жаратқан адаммен ғана сұлу. Қазақтың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мәтелінің сыры да осында жатыр!

Өндірісіміз де өздеріңізбен ғана өрнекті. Орынды жерінде тоқтау айтып, керекті жерінде қанаттандырып отырасыздар. Қазақтың қызына, қазақтың анасына тән сабырлы болмысыңыз бізді қызуы күшті өндірістің отына күйдірмей алып келеді. Мың алғыс Сіздерге арулар!

Биыл түбекті түлеткен Маңғыстау мұнайының алғашқы фонтанына 60 жыл толады. Сол жылдардың шежіресіне бір көз жүгіртсек, талай қазақ аруының алтын әріптермен жазылған есімдерін көруге болады. Қамқа Үмбеталина, Дари Тоқжанова, Жолекен Байжауынова, Роза Бимухамбетова, Қалуа Елизекова, Биязы Енсегенова апаларымыз осы өндірістің алғашқы қарлығаштарының бірі. Бәрі де алдыңғы буын мұнайшы ағалармен қатар жүріп, елдің ертеңі үшін ерінбей қызмет еткен жандар. Сіздердің де әрқайсысыңыздың бойыңыздан осы апаларымызға тән ерлік мен елгезектікті, қажырлылық пен қайсарлықты көреміз. Мақтан тұтамыз!

Әрқашан мерейлеріңіз үстем болсын. Алар асуларыңыздың биік, талаптарыңыздың оң, бақтарыңыздың баянды болуына тілектеспіз. Мереке баршаңызға құтты болғай!

 

Құрметпен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту