Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.04.2021 ӘН САЛШЫ, ӘМИНА!
 

Талай танымал әнші-әртістердің өнердегі бірінші баспалдағы «Бозторғай» сынды байқаулардан басталған. 18 наурыз күні Алматы қаласында өткізілген өнер додасына Республиканың түпкір-түпкірінен жиырмадан астам өрен қатысып, жерлесіміз Әмина Асғатова жеңімпаз атанды. Он жасар Әминаның жеңісіне балаша қуанған әкесі Бауыржан Әжіханов осы жаңалықты жеткізгенде төбесі көкке бір елі жетпей тұрды. Осы орайда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы, әлеуметтік-әкімшілік мәселелер департаментінің инженер-энергетик маманы болып жасайтын әріптесіміздің қуанышын өздеріңізбен бөлісуді жөн көріп отырмыз.

 

Болашақ жұлдыздарды бала күнінен баулып, кішкентайынан үлкен сахнаға дайындайтын «Бозторғай» байқауы халық арасынан талай таланттарды тауып, жас есімдердің жарыққа шығуына жол ашты. Байқау вокалдық орындау бойынша өткізілді. Әмина бұл сайыстың ең жас қатысушыларының бірі. Маңғыстау облысынан келген бүлдіршіннің мұндай конкурстарға қатысуы бірінші рет емес. Осыған дейін «Минск-2020» музыкалық конкурсына онлайн қатысып, бас жүлде алған болатын. Өнерге өзіндік таласы бар балғынымыз бұл додаға екі ән дайындап апарған, бірі Айнұр Әбдиеваның «Ұқсамаймын басқаға» болса, ал екіншісі италяндық «Ama credi e vai» әні еді. Байқау қорытындысы бойынша әншілер арасындағы сайыста топ жарған Әмина Асғатова гран-при иегері атанды.

 

Байқаудың бас жүлдесіне ие болған жерлесіміз енді Витебсктегі «Славян базары» фестивалінде Қазақстан атынан өнер бәйгесіне түсіп, бақ сынайтын болады. Сәттілік серік болсын дейміз!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту