Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.04.2021 ҚАРЛЫҒАШ-КӨМЕК
 

Қадірлі әріптестер, осымен бір-неше жыл қатарынан Компаниямыздың жанынан өздеріңіздің демеулеріңізбен құрылған «Мұнайлы өлке» қайырымдылық қорының қызмет етіп келе жатқанын білесіздер. Тұрақты түрде жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық қызметтің арқасында ондаған отбасыға медет болып, ертеңгі күнге деген сенімін арттырып келеміз. Осы жомарттықтарыңыздың сауабы екі дүниеде де өздеріңізге серік болғай.

 

Наурыз айында Қор атына көмек сұрап Ақтау қаласының тұрғыны Азат Базарбаев есімді азамат хабарласты. «Балам – бауыр етім» демекші, тумасынан ауыр індетке шалдыққан кішкене қызы Айшаның еміне қаражат жинап, бармаған жері, баспаған тауы қалмаған азамат екен. Әлеуметтік желідегі белсенділіктерің бар болса, @aiwazhan атты парақшадан жарық көріп жатқан посттарды байқаған боларсыздар. Айша қазір небары 1 жаста, ал диагнозы өте ауыр – маңдайының сол жақ бетіндегі плагиоцефалия, краниосиностоз. Яғни, нәрестенің бас сүйегінің дамуында ауытқушылықтар бар. Егер дер кезінде ем-дом шаралары жасалмаса, кішкентай Айша өмір бойы мүгедек болып, төсекке таңылып өтуі мүмкін.

Балапандарының жанына дауа іздеген ата-ананың жалғыз үміті Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында орналасқан Ф.В Войно-Ясенецкий атындағы медициналық орталықта болып тұр. Шетелдік дәрігерлер Айшаның жанын, бақытты балалық шағы мен баянды болашағын не бары 8 млн.-ға жуық қаражатқа бағалап отыр екен. Алайда, тауқыметі қатты тұрмыс жаңа отау құрған жас отбасыға мұндай қаражатты өз беттерімен табуға мүмкіндік берер емес. Дегенмен, жақын-жуық, таныс-тамырдың, жанашыр жақсы адамдардың көмегімен қажет сомманың басым бөлігі – 6 млн. теңгеден астамы қолдарында жинақтаулы тұр екен. Айшаға қажетті отаның күні де белгіленіп қойған, Алла қаласа, биылғы жылдың 24 мамырында Ресей елінде болулары тиіс.

Қор атынан 150 000 теңгені Айшаның әкесі Азат замандасымызға табыстадық. Әрине, көп ақша емес, шамамыздың келгені. Алайда, жетпеген жерін сіз бен біз болып жалғап жіберуге әлі де кеш емес. Жеке қаражатынан көмек қолын созамын деген жан болса, Айшаның ата-анасының банк деректерін қоса беріп отырмыз. Садақаларыңыз қабыл болсын!

Kaspi Gold картасы:

Камшат Бисенгалиева

+ 7 778 607 80 36

5169 4971 6373 9752

Қадірлі замандастар, құрметті мұнайшы әріптестер! Баршаңызды осы бір Қордың төңірегіне жиналып, қайырлы амалдардың ұйытқысы болуға шақырамыз. Қордың бір айлық қайырымдылық жарнасы 1000 (бір мың) теңгені ғана құрайды. Тиісті өтінішті толтырып, жарнаны аударуға рұқсат берсеңіз, жалақыңыздан автоматты түрде ұсталып, Қор есеп-шотына аударылып отыратын болады. Көп түкірсе көл болады демекші, біріге жүріп біраз шаруа тындыруға болатынын көріп отырсыздар. Ендеше, Қорға салымшы болыңыздар! Байланыс нөміріміз 8 707 703 4444.

 

Ғ.Ғ.Әбдісадық,

«Мұнайлы өлке» ҚҚ директоры


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту