Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
01.06.2021 «ҮЗДІК МАМАН-2021» КӘСІБИ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
 

9 маусым және 1 шілде аралығында «ҚМГ» және «ЖМГ» ӨБ-де Қоғам қызметкерлері арасында "ҮЗДІК МАМАН-2021" кәсіби конкурсы келесі мамандықтар бойынша  өткізіледі:

1.  Мұнай және газ өндіру операторы;

2.  Қабат қысымын ұстау операторы;

3.  Ұңғымаларды зерттеу операторы;

4.  Жөндеуші – слесарь;

5.  Электргазбен дәнекерлеуші;

6.  Темір жонушы;

7.  Химиялық талдау лаборанты

 

Конкурс 2 кезеңнен тұрады: конкурстың 1-ші кезеңі әрбір өндірістік басқарманың ішінде өндірістік басқармалардың қызмет-керлері арасында өткізіледі, конкурстың 2-ші кезеңі «ҚМГ» ӨБ және «ЖМГ» ӨБ қызметкерлері арасында өткізіледі.

 

Конкурсқа төмендегі іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлері қатыса алады:

-    Қоғамдағы жұмыс өтілі-кемінде 1 (бір) күнтізбелік жыл болу;

-    мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;

-    ҚжЕҚ бойынша нұсқаулықтарды білуін тексеруден өткені туралы белгісі бар куәліктің болуы;

-    соңғы 6 ай ішінде ҚжЕҚ саласында ескертулер мен бұзушылықтардың болмауы;

-    бір күнтізбелік жыл ішінде тәртіптік жазалардың болмауы

 

Конкурстың 1-кезеңінің жеңімпаздары келесі мөлшерлерде біржолғы төлемдермен марапатталады:

- бірінші орын үшін-100 АЕК;

- екінші орын үшін - 70 АЕК;

- үшінші орын үшін-50 АЕК.

 

2-кезеңнің жеңімпаздарына күнтізбелік бір жылға ай сайынғы қосымша ақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:

-    бірінші орын үшін-30 % мөлшерінде қосымша ақы;

-    екінші орын үшін-20 % мөлшерінде қосымша ақы;

-    үшінші орын үшін-10 % мөлшерінде тиісті тарифтік мөлшерлеменің немесе лауазымдық жалақының қосымша ақы төленеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 04 маусымына дейін тікелей басшыға немесе a.dzhaksybergenova@mmg.kz мекен-жайға хабарламамен жіберуге болады.

 

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту