Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
02.06.2021 МҰНАЙШЫЛАР – ТАБИҒАТ САҚШЫСЫ
 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы компаниялар тобы арасында жарияланған экология жылы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы құрметіне Компания қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балалары арасында «Мұнайшылар – табиғат сақшысы» тақырыбында көркем сурет байкауы өтті. Байкау бір айға жалғасып, 30 астам жеткіншек бағын сынап, жұмыстарын сайысқа тапсырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды естелік сыйлықтармен және диплом-грамоталармен марапаттау рәсімі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі күні орталық ғимараттың мәжіліс залында өтті.

«Кіл жүйрікте кім жүйрік?» демекші талғам тартысын тудырған жас қылқалам шеберлерінің жұмыстарын бағалаудың өзі оңай болмады. Шеберлігі, көркемдігі, тақырыптың ашылуы, орындалу ерекше-ліктері бірінен бірі өткен жұмыстардың қай-қайсысы да ең жоғары бағаға лайық. Дегенмен, сайыс болған соң, арнайы комиссия мүшелері өз пікірлерін білдіріп, жеңімпаздар қатарын анықтады. Сонымен, бабы мен бағы қатар шауып, негізгі жүлделі орын иелері атанған төртеу тізімі төмендегідей болды:

 

- ІІІ орын – Марьям Байдуллаева, 8 жас;

- ІІІ орын – Жаныбек Омаров, 11 жас;

- ІІ орын – Алия Ибрашева, 11 жас;

- І орын – Жанерке Марат, 11 жас.

 

Қалған қатысушылар да құр қол қайтпады. Көңілдерін жығып алмай, белдерін буып, биік белестерге жетелеу мақсатында Компания Басқармасы атынан оларға да ынталандыру сыйлықтары мен грамоталар табысталды. Сыйлықтар салынған қоржын ішінде балалардың жазғы демалысын мәнді де сәнді ететін қызықты сыйлықтар мен ерекше дүниелер жинақталған. Қоржындарды қолдарына алып, ішіне жасырынған сыйлықтарды көрген балғын балапандардың жүзінен қуаныштың айқын белгісі мен кіршіксіз алғыстары сезіліп тұрды.

Алдағы уақытта, конкурс қатысу-шыларының шығармалары Компания орталық кеңсесі мен өндірістік басқарма кеңселерінің сәнін келтіріп, ғимараттар қабырғаларынан лайықты орын алатын болады.

Мерекелеріңіз бен жүлделеріңіз құтты болсын! Шығармашылықтарың шыңдалып, өнерлерің өрге жүзсін. Бақытты балалық шақ тілейміз!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту