Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
14.07.2021 ЕКПЕ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
 

Шілде айының 13 жұлдызы күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқарма басшыларының «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы қызметкерлерімен кездесуі өтті. Компания Бас директорының бірінші орынбасары Қалбай Ізмұқанов өндірістік басқармаға қарасты цехтарды аралап, мұнайшыларды коронавирус инфекциясына қарсы жүріп жатқан вакцинация науқанының мақсат-міндеттерімен таныстырды, сұрақтарына жауап берді:

-         Күллі адамзатқа қауіп төндірген қатерлі дертті ауыздықтау қиынға соғып тұр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, емі табылмай жатқан COVID-19 дертіне қарсы тұрудың бірден-бір жолы «вакцина егу». Індет қайта өршіп, күшейіп кету қауіпінің алдын алу үшін бүгінгі таңда әлем бойынша түрлі вакцина әзірленіп, қолданысқа еніп жатыр. Елде белең алған індетті тек ұжымдық иммунитет қалыптастырған жағдайда ғана жеңе аламыз, – деді Компания басшылығы.

Осыған дейін де Компания білікті мамандардан тұратын арнайы топпен өндіріс орындарына барып түсіндіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып келеді. Екпе алудың маңыздылығы айшықталған мұндай кездесу жуырда «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына да жоспарланған.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту