Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
28.04.2021 ҚОҒАМ САУЛЫҒЫ - ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Құрметті әріптестер!

Компания үшін өз қызметкерлерінің денсаулығы мен олардың отбасыларыларының амандығы қашан да бірінші орында тұрады. Бұл «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы ұстанатын кадрлық және әлеуметтік саясаттың түп негізі. Сондықтан, қызметкерлер өміріне қандай да бір қауіп төнетін жағдайлар болса, Компания басшылығы олардың алдын алуға және мүлдем болдырмауға барлық амалдарды қолдануға даяр.
Мәселен, елімізде індет белгілері пайда болып, төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндерден бастап-ақ, Компания ұжымының басым бөлігі қашықтықтан жұмыс жасау әдісіне көшірілді. Елде жеке қорғаныш құралдарымен қиындықтар болып жатқанда да - Компания өз қызметкерлерін қорғаныш маскасы, антисептик, гигиеналық қолғап сынды бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етіп келді. Кенорындарда да бірегей сақтық шаралары алынды. Соның арқасында, қызметкерлер арасында Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қойылды. Бұл өз кезегінде Компанияда қызмет ететін азаматтардың отбасы мүшелері үшін де вирус жұқтыру қаупін төмендеткені сөзсіз.
Алайда, сіз бен біз жасап жатқан амалдарға қарамастан, коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендер емес. Соңғы күндері вирус қайта өршіп, Маңғыстау облысы қауіптілігі жоғары қызыл аймаққа енді. Қазір тәулігіне ондаған адам індетке шалдығып, хал үстінде жатыр.
Әлем ғалымдарының пайымдауынша, вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ал оған, өз кезегінде, COVID-19 вирусына қарсы екпе алу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан, бүгін мен және Компанияның бір топ қызметкерлері өзімізді және отбасымызды, бізді қоршаған азаматтарды вирус жұқтыру қаупінен қорғау үшін вакцина алу туралы шешім қабылдап, вакцинаның бірінші екпесін жасаттық.
Осы орайда баршаңызды елімізде жүріп жатқан вакцинация науқанына қатысуға шақырамын. Өзіңізді қорғаңыз – отбасыңызды қорғаңыз!

Құрметпен,

Бас директордың бірінші орынбасары
Қ.Ә.Ізмұханов


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту