Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
16.09.2021 ЭКОЛОГИЯ ЖАНАШЫРЛАРЫ!
 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – Компания) экологиялық тазалықты сақтау, қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жеткен жетістіктері үшін арнайы номинация иегері атанды. Бұл туралы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «Қауіпсіз тұрақты даму жолында» тақырыбымен өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) бас директорларының VI дәстүрлі форумы кезінде жарияланды.

Онлайн форматта өткен шараға ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен басшылығы, еншілес және тәуелді ұйымдардың (бұдан әрі – ЕТҰ) бас директорлары, «Самұрық-Қазына» АҚ, мемлекеттік органдардың және ҚМГ шетел серіктестерінің өкілдері қатысты.

Форумның мақсаты – ҚМГ компаниялары тобындағы өндірістік қызметті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды бағалау, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау саласында тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында 2020 жылдың және 2021 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыланды.

ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өз сөзінде қызметкерлер – компанияның ең басты құндылығы екенін баса айтты.

– Біздің басты міндетіміз – кәсіпорындарымызда еңбек ететін барлық адамның өмірі мен денсаулығын сақтау. Еншілес және тәуелді ұйымдар басшыларына айтарым, сіздердің бірінші кезектегі міндеттеріңіз қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірісте жарақат алу деңгейін төмендету болып табылады. Өздеріңіз үлгі көрсетіп, көшбасшылық танытып, өндірістік қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берулеріңіз қажет, – деді А. Айдарбаев.

Форум аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қарасты бір қатар кәсіпорын еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері мен елеулі еңбектері үшін марапаттарға ие болды. Солардың бірі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Компания қалдықтарды игеру қызмету шеңберінде «Экологияны сақтап тұруға қосқан үлесу үшін» номинациясы бойынша үздік атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Компания бүгінгі таңда жалпы көлемі 633 мың тоннаны құрайтын тарихи мұнай қалдықтарын өңдеп, 10 полигон аумағын тазартты. Қазіргі таңда олардың барлығы тиісті тексерулерден өтіп, жергілікті құзырлы органдар қарамағына тапсырылған. 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту