Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.03.2021 ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ КӨМЕГІ
 

Газетіміздің өткен санында былтырғы 2020 жылдың толық қаржылық есебін беріп, қызметіміздің кезекті тарауын қорытындыладық. Енді міне жаңа 2021 жылы атқарылып жатырған қайырымдылық қызметіміздің есебін беріп бастаймыз.

Көмек көрсеті туралы алғашқы өтініш «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы көлік департаментінің қызметкері Рахат Икасбаевтан келіп түсті. Рахат әріптесіміз осы мақала жазылып жатырған кезде індетке туабітті шалдыққан баласына шипа іздеп Қызылорда қаласына барған екен. Алайда, қолдарындағы қаражаттары қажетті ем-дом шараларын алуға жетпеген соң, Қорымызға көмек сұрап хабарласты.

Әріптесіміз өзі басқа қалада болғандықтан, өтінішті әріптесіміздің  орнына анасы Қанапия Камалова апа келіп жазып, Қор атынан қайырымдылық көмекке бөлінген 50 000 (елу мың) теңге көлеміндегі қаражат та Қанапия апаға табысталды. Алла шипасын нәсіп етсін!

Құрметті әріптестер, көп түкірсе көл болары белгілі. Осындай қайырымды істе көпшілік болып жұмылуға шақырамыз. Қор салымшысы боламын десеңіз 215-312 телефон нөміріне немесе бұрынғы «КазНИПИ» ғимараты 240 кеңсеге жолықсаңыз болады. Жақсылық жасауға асығайық!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту