Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.09.2021 ҚОР ҚЫЗМЕТІ ҚАЛЫПТЫ
 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің ерікті қайырымдылық жарнасы негізінде қызмет етіп келе жатқан «Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры қызметі өз жалғасын тауып жатыр. Қор атынан көмек алып, денсаулығын түзеткен, бауыр еті баласының дертіне дауа тапқан жандар мен отбасылар саны бүгінде жетіп артылады. Көпшілігі иық тірестіріп қатар жүрген өз қызметкерлеріміз. Тағдырдың сынағына ұшырап, басқа барар жері, басар тауы қалмаған талай жанның тауқыметіне ортақтасып, батасын алып келеміз. «Баталы ұл арымас!» дейді қазақ. Бәлкім, бізге белгілі не белгісіз тұстарда сол жандардың берген ақ батасы біздерді тар жол, тайғақ кешуден сақтап та келе жатқан болар. Осы бір қайырымды іске ұйытқы болған әрбір азаматқа Алла разы болсын!

Қордың осы жолғы 200 000 теңге көлеміндегі материалдық көмегі Оралхан Ержанова есімді замандас қарындасымыздың өтініші бойынша оның інісі Ержанұлы Біржанның еміне жұмсалды.

Ержан өткен 2020 жылы бірнеше адам мінген көлікпен жол апатына ұшырап, күрделі зақымдар алған. Омыртқасы сынып, жұлынына жарақат келген. Содан бері баласының денсаулығы үшін шырылдаған ата-ана мен ет жақын туыстарының көмек сұрап табаны тимеген табалдырық қалмаған-ды. Қазіргі таңда Біржан Түркия мемелекетіне елден жиналған азғантай қаржымен ота жасатуға барып отыр. Жақындары аннан артып, мыннан тартып 5 млн. теңге қаражатын сол клиникаға тауып берген. Ал ота құны 10 млн. теңге жобасында екен. Ендігі мәселе – 12  қыркүйекке дейін тағы 5 млн. қаражат жеткізу. Болмаған жағдайда, ота кейінге қалып, Біржанның денсаулығына деген қауіп арта түспек.

Біз берген көмек, әрине, теңізге құйған тамшыдай ғана. Дегенмен, қолымызда бармен бөлістік. Алла шипасын берсін! Ал егер араңыздан тағы көмек беремін деген жомарт жүрек жандар болса, інісіне қолғанат боп шырылдап жүрген Оралхан қарындасымыздың есеп-шот деректерін қоса беріп отырмыз. Садақа дәулетіңізді кемітпейді. Көмек береміз десеңіз, мархаббат.

KaspiGOLD - Оралхан.Е, +7 778 678 82 91.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту