Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
15.11.2021 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 бабының талаптарын орындау жолында, дауыс беруші акцияларының иегер акционерінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы №14/11-2021 шешімімен 2020 жылдың қорытындысы бойынша жай және артықшылық акцияларының иегерлеріне  дивиденд төлеуді ұйғарды.

 

1) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат.

Қоғамның банктік деректемелері: «Қазақстанның жинақтау халық банкі» АҚ, БСН 990140000483, ИИК KZ636010231000040129, КБе 17, БСК HSBKKZKX.

 

2) Дивиденд төленетін мерзімі - 2020 жылдың қорытындысы бойынша.

 

3) Дивидендтің бір артықшылық акцияға шаққандағы мөлшері – 780 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).

 

4) Дивидендтің бір жай акцияға шаққандағы мөлшері – 780 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).

 

5) Дивиденд төлеу2021 жылдың 15 қарашасынан  басталады.

 

6) Дивиденд төлеу тәртібі мен формасы – дивиденд оны алу құқығына ие акционерлердің тізімі бойынша, қолма-қол емес, акционерлердің банктік шоттарына аудару тәсілі арқылы жүзеге асырылады.

 

Қоғамның дивиденд төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректемелері:

Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат, Қаржы департаменті, тел.: 211-857.

www.mmg.kz


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту