Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
27.12.2021 «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА САШ ӨТС ӨТКІЗУ
 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – «ММГ» АҚ) алдағы 2022 жылы «ММГ» АҚ кен орындарының ұңғымалары үшін оңтайлы химиялық құрамын таңдау мақсатында су ағынын шектеу бойынша өнеркәсіптік тәжірибелік сынақтар (бұдан әрі - ӨТС) өткізу жоспарланғанын хабарлайды. Бұл тәжірибелік сынақ «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ бекіткен «Мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтар мен технологиялардың жаңа түрлерінің тәжірибелік сынақтарын ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу ережесіне» (бұдан әрі - ӨТС ережелері) сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы ақпарат №1 қосымшада ("ММГ" АҚ кен орындары бойынша қабат флюидтерінің геологиялық-физикалық параметрлері мен қасиеттері) келтірілген.

ӨТС-тің 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1.  Зертханалық зерттеулер:

1.1. Полимердің қабаттық және айдалатын сулармен кірістік бақылауы және үйлесімділігі (I кезең).

1.2. І кезеңнен оң өткен жағдайда компанияларға ӨТС композициясының реологиялық қасиеттері мен гель түзілуіне зерттеулер жүргізуге рұқсат етіледі (ЭтапІІ).

1.3. II кезең оң өткен кезде қызметтерді жеткізуші ӨТС композициясының су оқшаулау қабілетін анықтау үшін сүзгілеу зерттеулеріне жіберіледі.

2.  Зертханалық зерттеулердің барлық кезеңдерінен оң нәтижемен өткен өнім берушілер 2022 жылы "ММГ" АҚ кен орындарында кемінде үш ұңғыма далалық сынақтарға жіберіледі.

3.  ӨТС ережелережесіне сәйкес тиімділік мониторингі кемінде 90 күн болуы керек..

Химиялық реагенттерді сынауды «ММГ» АҚ бюджеті шегінде Ақтау қаласындағы «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» ЖШС ҚМГ-Инжиниринг филиалының зертханасы базасында өткізу жоспарлануда.

Осыған байланысты, Сізден осы салада сервистік қызмет көрсететін ұйым ретінде өз ұсыныстарыңызды ұсынуды және ӨТС ЖПИ жобасы бойынша қатысу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

 

Қосымша №1 «ММГ АҚ кен орындары үшін қабаттық сұйықтықтардың геологиялық-физикалық параметрлері мен қасиеттері».

Қосымша №2 ӨТС ережелері.

https://cloud.mail.ru/public/TMZ3/fa2dm8jvf

 

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту