Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
31.12.2014 Руководство АО "Мангистаумунайгаз" поздравило коллектив с Новым 2015 годом!

 

ҚҰРМЕТТІ МҰНАЙШЫЛАР!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы атынан Сіздерді Жаңа – 2015 Қой жылымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тарих еншісіне кеткелі отырған Жылқы жылы да мұнайшыларымыз үшін жағымды оқиғаларға толы болды десе артық болмас. Компания мұнайшылары геологиялық-технологиялық шараларды индустриялық-иновациялық тұрғыдан шебер жүзеге асырудың нәтижесінде «қара алтын» өндірудің 6 млн. 151 мың тонна көлемдегі жылдық жоспарын мерзімінен бұрын, яғни желтоқсанның 24 күні орындап шықты.  Қазіргі әлемдік экономикада орын алып жатқан дағдарыс нышандары кезеңінде бұл жетістігіміз Республикамыздың, өңіріміздің тұрақтылығына қосып жатқан үлкен үлесіміз. Сіздің еңбектеріңізге мың да бір рақмет!

Біздің Компаниямызда инновациялық технологияларды қолдану үрдісі бойынша мұнай өндірудің көлемін тұрақты арттыруда. Атап айтсақ, мұндай озық әдістердің қатарында мұнай-газ қабаттарын сумен және қышқылмен жару, тереңнен мұнай соратын винтті сораптар қою, болат құбырларды шыныпластикалық құбырлармен алмастыру, ұңғымаларды көлденең және тік бұрғылау, сүзгі ағымдарды қайта үлестіру (ПФП), екпін-толқынды өңдеу (УВО) сияқты тәжірибе барысында өзін-өзі ақтаған жаңа тәсілдерді атауға болады.

2014 жылдың қазанынан бастап Қаламқас кенорнының тәжірибелік телімдерінде полимер айдаудың тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынақтары жүргiзіліп келеді.

Компаниямыздың тағы да үлкен жетістіктерінің бірі – Қаламқас кенорнындағы ГазТурбиналыЭлектрСтациясын (ГТЭС) іске қосу. Өндірілетін электр энергиясымен сол өңірді толық қамтамасыз ететін ГТЭС – ауаны ластайтын қаншама ілеспе улы газды тазалап, пайдаға жаратпақ. Оның өндіретін қуаты Қаламқас кенорнын толықтай энергиямен қамтамасыз етуге жетеді. ГТЭС іске қосу жобасы Маңғыстау облысының индустриалды-инновациялық дамуы Жол картасына қосылғанын мақтанышпен атап өтуге болады.

Биылдан бастап Басқарма басшылары өндіріс орындарында ұжыммен кездесіп, қызметтік қажеттіліктерге байланысты туындайтын мәселелердің шешілуіне ұйтқы болып келеді. Жұмысшылардың жай-күйін сұрастырып, мұқтаждықтарын білуге, ұсыныс-пікірлерімен алмасуға мүмкіндік беретін кездесулер болашақта да жарасымды жалғасын табады.

Компания аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да жіті көңіл бөледі. Әлеуметтік бағдарламалар түрлі бағытта жүзеге асырылып, мыңдаған адамдардың, соның ішінде, өз қызметкерлеріміз бен жалпы Маңғыстау халқының мүддесіне қызмет етуде. Құрғақ сандар тілімен айтқанда, 2014 жыл ішінде 1 млрд. 171 млн. 295 мың теңге қаржылай көмек бөлініп отыр.

Еңбектеріміз еселеніп жемісті нәтижелер беріп жатыр, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша екі мәрте «Жыл меценаты» атандық, «Жастар сыйлығы – 2014» сайысында біздің жас маманымыз «Үздік жас мұнайшы» атағына ие болды. Елбасымыздың «Алтын сапа» сыйлығына да үміткер болдық, алайда, «алынбаған бір белестердің бірі сол болар» деп, 2015 жылы «Алтын сапа» атағын қанжығамызға байлауға тәуекел.

Келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы атап өтілмек. Тарихымызда орасан зор маңызы бар мерекелер қарсаңында, 2015 жылы өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларымыз өз жалғасын табатын болады. Біздің Компания өзінің өндірістік және адами мүмкіндіктеріне қарай «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы компаниялары тобындағы лидерлік позициясын сақтап, үдемелі алға ұмтылу қозғалысын жалғастыра бермек.

Құрметті әріптестер!

Маңғыстау мұнайының бай да айтулы тарихы бар. Әрқашан және барлық уақытта Маңғыстаулық мұнайшылар бар ынтамен жұмыс жасаған. Жүзеге асырылған әрбір жобаға біздің мұнайшыларымыз алып күш жұмсап, жанын салған, өнері мен білімін сап еткен. Маңғыстау облысы зор әлеуетке ие екеніне сенімдіміз. Біздің мұнайшыларымыз көп жетістіктерге қол жеткізді, біршама асуларды бағындырды, ең бастысы көптеген жеңістер әрі алда!

Компанияның дамуы мен гүлденуіне қосқан үлестеріңізді жоғары бағалай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақыт, мықты денсаулықты ұзақ ғұмыр, еңбекте еселі табыс тілейміз!

Жаңа жыл – жетістіктер мен жаңа бастамалар жылы болсын!

 

Құрметпен,

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы

 


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог