2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық саласында үлкен өзгеріс – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енді. Енді тұрғындар медициналық қызметті екі пакет бойынша алады, бірі тегін медициналық көмек, екіншісі – әлеуметтік медициналық сақтандыру.
Алғашқы пакет бойынша қандай қызмет түрлері тегін көрсетіледі?
Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне шұғыл көрсетілетін қызметтердің бәрі жатады:
● Жедел жәрдем;
● Санитарлық авиация;
● Созылмалы ауруы барларды бақылау;
● Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық көмектің орнына көрсетілетін қызметтер.
Бұл бәріне тиісті. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделе алады, диагностикадан өтеді. Оған төмендегі әлеуметтік-маңызы бар ауруларды емдеу де кіреді: туберкулёз, СПИД, созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті т.б.
Екінші деңгей – МӘМС пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлері, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ. Сондай-ақ, бағасы қымбат операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кереді. МӘМС пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ, гормондар, онкомаркерлер сынды қызметтер де енгізілді.
Медициналық сақтандыру қорына қаражатты кім, қанша көлемде құяды?
2020 жылы жұмыс беруші әрбір жұмысшысы үшін 2% жарна төлейді, ал
жұмысшы 1% жарнаны өз табысы мөлшерінен аударады. Алайда бұны олар өз бетімен төлемейді – жұмыс беруші айлығынан ұстап қалады да, қорға аударады. Алдағы уақытта жұмысшы табысының 2%-ын төлейтін болады.
Жеке кәсіпкер өзі үшін – 1,4 ЕТЖ 5%-ын (42 500 тенге) - 2 975 теңге,
Ал ЖК жұмысшылары үшін – табыстың 2% -ын төленуі тиіс.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жеңілдік санатқа жатпайтын, үйде отырған «жұмыссыз» статусы жоқ азаматтар Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) аударады. Оның 10%-ы жеке табыс салығына, 20% әлеуметтік төлемдерге, 30% зейнетақы жиынтығына, 40% МӘМС-ке аударылады. Қала тұрғындары – 1 (АЕК) айлық есептеу көрсеткіші – 2 651 теңге болса, ауыл тұрғындары үшін – осының 0,5%-ы, бұл 1 326 теңгені құрап отыр. Бірыңғай жиынтық төлемді әр азамат өзінің қалауымен кез келген банк бөлімшесіне барып төлей алады. Үш ай қатарынан БЖТ төлеген азамат автоматты түрде сақтандырылғандар статусын алады.
Жеңілдік берілген 15 санат МӘМС жүйесі үшін жарна төлеуден босатылатындар:
● Ресми тіркелген жұмыссыздар;
● Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
● Баласы үш жасқа толғанша оны тәрбиелеуіне байланысты уақытша жұмыс істемей отырған баланың заңды өкілдерінің бірі;
● Жүктілік және тууға байла-нысты, жаңа туған баланы асырап алуына, сондай-ақ бала үш жасқа толғанша баланы күтуге байланысты уақытша демалыста отырған баланың заңды өкілдерінің бірі;
● Мүгедек баланы бағып отырған жұмыс істемейтін азаматтар;
● Бала кезінен бастап І топтағы мүгедек баланы бағып отырған жұмыс істемейтіндер;
● Зейнетақы төлемдерін алу-шылар, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектер;
● Қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
● Тергеу изоляторында отырған бас бостандығынан айырылғандар;
● Жұмыс істемейтін оралмандар;
● "Алтын алқа", "Күміс алқа" немесе "Батыр ана" атағын алғандар, сонымен бірге І және ІІ деңгейдегі Ана даңқы орденінің иегерлері;
● Мүгедектер;
● Орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары, сонымен қатар ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын тұлғалар;
● Атаулы әлеуметтік көмекті алатын жұмыс істемейтіндер;
Осы азаматтарға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша медициналық қызметтердің барлық түрлері қол жетімді болады.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ
Маңғыстау облысы филиалы |