Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
24.12.2012 Жетыбаймунайгаз перевыполнил план по добыче нефти. Поздравление от имени руководства
 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді жылдық жоспардың сәтті орындалуымен құттықтаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстанның мұнайгаз саласы елді әлеуметтік-экономикалық дамыту, экономиканы және өнеркәсіптік өндірісті модернизациялау бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда өте маңызды роль атқарады.

Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында өтіп бара жатқан 2012 жылдың 1 млн. 640 мың тонна жылдық жоспары желтоқсанның 24 күні таңғы сағат 09:00 межеден бір апта бұрын сәттілікпен орындалды. Бұл жетістіктер «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында қарапайым мұнайшыдан бастап басқарма басшылығының теңдесіз еңбекқорлығының арқасында мүмкін болып отыр. Кенорында тік бұрғылау мен жер қабатын сұйықтықпен жару озық технологияларын қолданудың арқасында сәтті жетістіктерге қол жеткізілді. «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының қызметкерлері облыс тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсартуға еселі үлес қосып келеді.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдық күнделікті міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге қазіргі экономикалық жағдайда сала жұмысын жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға көмектеседі. Сіздерге және жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілейміз. Жылдық жоспардың сәттілікпен орындалуына Сіздер аянбай сіңірген маңдай терлі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Қазақстан Республикасын гүлдендіру жолындағы еңбектеріңізде жетістіктер мол болсын!

 

Құрметпен,

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог