Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
14.08.2014 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
 

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған 2014 жылдың 30 маусымы күні басталған «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ Республикалық рационализаторлық ұсыныстардың байқауына қатысуға шақырады.

 Байқау рационализаторларды табуға, перспективалы, пәрменді жаңалықтарды ашуға, Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының рационализаторлық ұсыныстарын ынталандыруға және қолдауға, сондай-ақ елдің экономикасы үшін рационализаторлық қозғалыстың маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауы екі аталымнан тұрады: «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі».

«Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» аталымы бойынша жеңімпаздар 1 орын үшін 2,5 млн. теңге, 2 орын иегері – 1,5 млн. теңге және 3 орын – 1 млн. теңге алады.

Екінші аталымда жеңімпаз «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» дипломымен марапатталатын болады.

Сонымен бірге, жобаны көпшілікке кеңінен түсіндіру және тарату үшін, үздік командалар мен рационализаторлар республикалық телеканалдардың біреуінің эфирінде көрсетілетін жобаның теледидарлық нұсқасына қатысатын болады.

Жалпы, байқауға Қазақстан кәсіпорындарында енгізілген рационалдық ұсыныстарды жасаушы болып табылатын физикалық тұлғалар, сонымен бірге рационализаторлықты қолдау жүйесіндегі заңды тұлғалар да қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін rac.kz@mail.ru электрондық адресі бойынша қабылданады, ережелермен де таныса аласыздар.

 Былтырғы жылы 1 орынды және 2,5 млн. теңгені «Казфосфат» ЖШС иеленді, қызметкерлер бірлесе отырып «сары фосфорды көмiртегiсі бар қоспалардан тазарту тәсiлін» ойлап тапты. Бұл жоба аталған өндіріске енгізіліп бүгінде өз жемісін беруде.

«Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» аталымында 2013 жылдың жеңімпазы болып «ҚазМұнайГаз – өңдеу және өткізу» АҚ ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «Павлодар Мұнайхимиялық Заводы» ЖШС озып шықты.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, барлық ынталы жаңашылдарды  және командаларды  байқауға белсенді қатысуға шақырамыз.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту