Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
09.04.2015 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің 6 – 12 жас балалары арасындағы «Ата-анамның таңдауы-менің бақытты болашағым» атты көркем сурет байқауының Ережесі
   

1.   Аталмыш  Ереже «Ата-анамның таңдауы - менің бақытты болашағым» тақырыбында көркем сурет байқауының тәртібі мен шартын реттейді.

2.   Байқау мақсаты:

•    Мұнайшылар мен компания қызметкерлерінің дарынды балаларына қолдау көрсету;

•    Балалардың эстетикалық  тәлім – тәрбиесі;

•    Балалардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңітуге ықпал ету;

•    Балалардың  және ата-анасының азаматтық белсенділігін қалыптастыру;

•    Мұнайшылар мен компания қызметкерлері үшін сайлаудың маңыздығын насихаттау.

3.   Байқауға қатысу шарттары: Конкурсқа 6 – 12 жасқа дейінгі балалар қатыса алады және қатысушының ата-анасы немесе туысы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері болуы тиіс.

Суретті кез-келген құралдармен: қалам, гуашь, қаламсап, акварель, графикалық сурет, компьютерлік графикамен орындауға болады: комикс, плакат, сюжеттік сурет жанрларына еркіндік беріледі. Суретте шақыру, ұран, үндеуді қолдануға болады.

Байқауға қатысушының ұсынылатын суреті кез-келген бейнелеу үрдісте және А4 форматта болуы тиіс. Суреттің оң жақ төменгі бөлігінде қатысушының аты-жөні мен жасы, ата-анасының немесе туысының жұмыс орны, қызметі жазылады. Ұсынылатын сурет аталған тақырыпқа сай болуы керек.

Жасалған жұмыстар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас ғимаратындағы 414-кабинетке немесе mmg.maman@mail.ru  электронды жәшікке жіберілуі тиіс.

Байқауға ұсынылатын әр суреттің қасында анықтама парақшасы болу керек. Парақшада баланың аты жөні, ата-анасы немесе туысының байланыс телефоны жазылады.

Барлық сурет ашық түрде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  Жас мамандар Кеңесінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

4.   Байқауды ұйымдастырушы:

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Жас мамандар Кеңесі.

Байқауға жіберілген барлық суреттер автордың рұқсатынсыз жарияланады.

Байқау сәуір айының 6 - 17 аралығында өтеді. Байқау қорытындысы бойынша 18 сәуірде, ал 20 сәуірден бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ғимараттарында көрме ұйымдастырылады.

5.   Байқауға қатысушылардың басты шарттары:

- Берілген жұмыстар байқаудың талап-мақсаттарына сай болуы;

-Көркемдік орындалуы;

- Креативті (жаңа ой мен ерекшелік, шығармашылық көзқарас пен  ойдың ұшқырлығы);

-Жұмыстың сапасы (композиция, қолданатын түстердің гармониялық үйлесуі, туындының қанықтылығы және ашықтығы);

- Қатысушының тәрбиелік және эмоционалдық дәрежесіне әсер ету.

6. Байқауды ұйымдастыруға және үздік туындыны анықтауға арнайы қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының міндеттері:

- Бекітілген талаптарға сай туындыларды қабылдау;

- Байқаудағы туындыға баға беру;

- Байқау жеңімпаздарын анықтау;

- Дипломдарды белгілеу;

- Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде дипломдар мен сыйлықтар табыстауды ұйымдастыру.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы 3 жүлделі орынды анықтайды. Жаңа ой мен өзіндік  ерекшелік, жаңа шығармашылық көзқарас пен ойдың ұшқырлығы үшін арнайы сыйлықтар бар!

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ   Жас мамандар кеңесі

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту