Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
25.11.2009 “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметкерлерiне үндеу

Құрметтi әрiптестер!

Бүгiн бiз Сiздердi компанияда 2009 жылғы қараша айының соңғы күндерiнде болған өзгерiстер жөнiнде мәлiмет беру және Қоғамның жоғары буын басшыларымен таныстыру мақсатында жинап отырмыз.

2009 жылғы 25 қарашада “Маңғыстаумұнайгаз АҚ акцияларын сатып алу мәмiлесi аяқталды. Бұрынғы акционердiң өкiлеттiктен босауына байланысты компания акционерi ауысып, “ҚазМұнайГаз” (ҚМГ) және “Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы” (КННК) компанияларының бiрлесуiмен құрылған MANGISTAU INVESTMENTS B.V. (MIBV) компаниясы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның жаңа акционерi болды, компания акцияларының 50 пайызы қазақстандық үлеске тиесiлi.

2009 жылғы 25 қараша күнi бiздер үшiн компания тарихындағы жауапты кезеңнiң басы деп есептеледi. 

“ҚазМұнайГаз” компаниясы мұнай және газ барлаумен, өндiрумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық мұнай корпорациясы болып табылады. “ҚазМұнайГаз” компаниясы активтерiнiң арқасында әлемдегi көптеген танымал мұнай компанияларымен бiрлескен кәсiпорындар құрды. 

CNPС интернационалдық компаниясы мұнай және газ барлаумен, өндiрумен, өңдеумен,  тасымалдаумен және сатумен, сондай-ақ жобалаумен, техникалық жобалаумен және қызмет көрсетумен, мұнайгаз жабдықтарын өндiрумен айналысады. Компания әлемдегі елу ірі мұнайгаз компанияларының ішінде бесінші орынды иеленеді. CNPС компаниясының Қазақстан Республикасында мұнай-газ барлау және өндiру саласындағы тәжiрибесi мен практикасы да аса бай. 

Құрметтi әрiптестер,

MANGISTAU INVESTMENTS B.V. (MIBV) компаниясының акционерлерi Директорлар кеңесiнiң құрамын бекiттi:

- Ван Чжунцай мырза - Директорлар кеңесiнiң Төрағасы;
- Сюй Аньпин мырза;
- Тон Сяогуан мырза;
- Балжанов Асқар Құмарұлы мырза;
- Өтеғалиев Сисенғали Әжiғалиұлы мырза;
- Еламанов Болат Далдайұлы мырза.

MANGISTAU INVESTMENTS B.V. (MIBV) компаниясы жаңа акционер мен директорлар кеңесiнiң ұсынысына сәйкес, бүгiннен бастап Компания Басқармасы өз мiндетiне компанияның өндiрiстiк және экономикалық қызметiндегi басқарушылық мiндеттерiн алады.

Жаңа ұйымдастыру құрылымына сәйкес “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-ның жоғары буын басшылары мынадай ретте ұсынылып отыр:

- Мұрат Құрбанбаев мырза – ММГ АҚ Бас директоры;
- Сунь Синъюнь мырза – Бас директордың бiрiншi орынбасары;
- Чэнь Шаоцзюнь мырза – қаржы және бухгалтерия жөнiндегi Бас директордың орынбасары – Бас бухгалтер;
- Бақытжан Өтеғалиев мырза – коммерциялық мәселелер жөнiндегi Бас директордың орынбасары; 
- Чиань Чунь мырза – заң және кадр мәселелерi жөнiндегi Бас директордың орынбасары;
- У Линьган мырза - өндiрiс жөнiндегi Бас директордың орынбасары;
- Махамбет Досмұхамбетов мырза – геология және геофизика жөнiндегi Бас директордың орынбасары;
- Асқар Рзаханов мырза - әлеуметтiк және әкiмшiлiк мәселелер жөнiндегi Бас директордың орынбасары;

Құрметтi әрiптестер!

Алда компанияның жаңа жоғары жетiстiктерiне бағытталған, өндiрiстiк көрсеткiштерiнiң онан әрi дамуын қамтамасыз ететiн жұмыстар күтiп тұр. 

Акционерлердiң қолдауы, активтер және мұнай мен газ қорының  зор әлеуетi Компанияның игiлiгi үшiн бiрлесiп еңбек етiп, алдағы мiндеттердi жүзеге асыруға мүмкiндiк беруде. Қызметкерлердiң уәждемесi мен әлеуеттi дамыту мақсатында бiз компанияның Саясаты мен Мақсаттарын басшылыққа аламыз.   

Директорлар кеңесi жаңа ұйымдастыру құрылымын бекiтiп, Басқармалар Департамент мәртебесiне ауыстырылғанымен, қызметкерлердiң саны мен жұмыс орындары, олардың жалақы деңгейi сақталады.

“Маңғыстаумұнайгаз” акцонерлiк қоғамы - аймақтық мұнай өнеркәсiбi қарашаңырағының жарты ғасырға таман кезеңде қол жеткiзген өндiрiстiк қызметтегi жетiстiктерi мен табыстары оның әрбiр қызметкерiнiң жеке еңбек үлесiмен, бiлiктiлiк деңгейiмен және жұмысқа шынайы берiлгендiгiмен байланысты екенiн ескере отырып,  акционерлер мұнай барлау және өндiру саласының онан әрi дамуына жағдай жасайтынын, кiрiсiн көбейтетiнiн, өндiрiс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау жүйесiн жақсартатынын, компанияның кадр саясатын қолдайтынын, қызметкерлердiң табыстары мен мансаптарының дамуына ерекше көңiл қоятынын, осылайша Компанияның басты Мақсаты болып табылатын қоғамдық және әлеуметтiк дамуын қуаттайтынын баса айтуда.

Компания қызметкерлерi ұжымның тұрақты дамуы мен өзара түсiнiстiгiн көздейтiн бастамаларымызды қолдайтынына сенемiз.
Компания ынтымақты, топтасқан ұжымды құруға бағытталған үйлесiмдi корпоративтiк мәдениеттi нығайту үшiн үйлесiмдiлiк, өзара құрмет пен өзара көмектi дамыту, бірлескен ортақ жұмысты күшейту мақсатында Сiздердiң өз ой-пiкiрлерiңiзбен бөлiсуiңiздi сұрайды. Пiкiрлер мен түсiндiрмелер құқықтық мәселелер және корпоративтiк басқару басқармасына электрондық пошта арқылы, сондай-ақ жазбаша түрде берiлгенi ләзiм. 

Акционерлердi, басқару комитетiн, компанияның барлық қызметкерлерiн құттықтай отырып, осындай зор әлеует арқасында қызметкерлердiң “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлiк қоғамының дамуы мен өркендеуiне өз үлестерiн қосатынына сенiмдiмiз.

Құрметпен,
Басқарма.    


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту