Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
02.08.2015 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
 

 

Ұжымдық шартқа және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері балаларының оқуын қаржыландыру» Ережесіне сәйкес Қоғам қызметкерлері балаларының 2014-2015 оқу жылында жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін материалдық көмек көрсетуге құжаттар қабылданатынын қаперіңізге береміз (магистратура, аспирантура, докторантурадағы оқулардың, дайындық және тіл курстарына, подкурстарына (foundation) және сырттай оқулардың ақыларын төлеуге өтініштер қабылданбайды).

 

Тапсырылуға тиісті құжаттардың тізбесі:

1. Қызметкердің оқу ақысын төлеуге жазған өтініші (үлгі бойынша толтырылған);

2. Студенттің жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары берген растаушы құжаттары;

3. Студенттің сынақ кітапшасы немесе орта мектепті бітірушінің аттестаты;

4. Студент пен жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары арасындағы жылдық оқу ақысы көрсетілген оқу шартының көшірмесі;

5. Қызметкердің некеге отыру туралы (ажырасу туралы) куәлігі.

 

Құжаттар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесінің ескі ғимаратының холында 2015 жылғы 25 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа күндері) сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін қабылданады.

 

Өткен оқу жылының ақысын төлеу туралы растаушы құжаттарды (түбіртектерді) тапсырмаған қызметкерлердің өтініштері үстіміздегі жылы қабылданбайды.

 

Барлық көкейтесті мәселелер бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Ақтау қ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесінің №1 ғимараты, №303 кабинет, тел.: 211-356.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту